Туысының үйіне ұрлыққа түскен

Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады - деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын жертөлесінде сақталған құрал жабдықтардың ұрланғанын көрсеткен. Келтірілген шығын  көлемі  112 000 тенгені  құрайды.

Бұл іс ҚР ҚК-нің 188-бабы  «Ұрлық»  бойынша тіркеуге алынды.  Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру, анықтау жұмыстарының  нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды.  Полицейлер  одан айғақты зат ретінде дәнекерлеу құрылғысын, ағаш кесетін аппарат пен бұрғылау құралдарын тәркіледі.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу  барысында ұсталған азамат жәбірленушінің туыс інісі екендігі анықталды. 

Пікір қалдырыңыз