Медиация тәсілімен татуластырды

Мақтаарал АПБ тергеушілері медиация тәсілімен жас отбасыларды татуластырды – деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғын әйелімен сөзге келіп, нәтижесінде отбасылық жанжал туындаған. Қос жұп арасында дау ушығып, полиция қызметкерлеріне шағымданыпты.  

Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру» бойынша тіркеді.

Содан медиатор маманын полиция бөліміне шақырды. Арнайы маманмен бірге тергеушілер ерлі-зайыптылармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қос жұп ортақ келісімге келді. 

Жалпы  полицейлер  қылмыстық істерді ашумен  қатар  түрлі жанжалдар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде  туындайтын  қатынастарды  да  шешуге  өз  үлестерін  қосуда. 

Пікір қалдырыңыз