Жоғалған жылқылар көрші ауданнан табылды

Бәйдібек АПБ кезекші бөліміне арызданған жергілікті тұрғын жайылымнан 9 бас жылқысының жоғалғанын айтқан. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған жылқыларды іздеу жұмыстары басталды.

Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұқбат жүргізеді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.

Жедел шаралар нәтижесінде бірнеше күннен кейін Бәйдібек АПБ-нің полицейлері көрші аудан Ордабасыдан жайылымда жоғалып кеткен жылқы үйірін тапты. Табылған 9 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды.

"Мен 9 жылқымды жоғалтып, Бәйдібек ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден жылқыларды іздей бастады және жоғалған малды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! Өздеріңіздің арқаларыңызда жылқылар табылды!"- деді ауыл тұрғыны.

Пікір қалдырыңыз