ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ЖАҢАЛАУДА

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Мысалы, Полиция департаменті қызметкерлері жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттандыру қызметтерін көрсетуде.

Жуырда Отырар АПБ көші-қон қызметінің инспекторлары жеке төлқұжатының мерзімі өткен Адима Досмайлова мен Айзада Сүлейменованың үйіне барып, жаңа төлқұжаттарын табыстады.

Ақ жаулықты әжелерде риза болып, полицейлерге алғыстарын айтты. 

Пікір қалдырыңыз