Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Түркістан облысы Полиция департаменті мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандум қос тарап арасындағы байланысты нығайтып, бәсекеге қабілетті құзыретті мамандарды даярлауға, бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыруға, ПД-і мен білім беру мекемелері арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.

Яғни, меморандум арқылы алдағы уақытта жоғары оқу орнының студенттері Полиция департаментінде тәжірибе жинақтап, бос лауазымдарға қызметке орналаса алады. Сондықтан ортақ келісімге келіп, достық қарым-қатынаспен түзілген меморандумға облыстық департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов пен университеттің оқу ісі жөніндегі вице президенті Өмірбек Үмбетов қол қойды. 

Шара соңында тараптар арасында оқу-өндірістік процесс бойынша мәселелер талқыланды.

Пікір қалдырыңыз