ОҢ ШЕШІМДЕР ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

Мәселелердің шешілуін қолға алу керектігі жайында баяндалды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауын зор ынтамен тыңдадым. Онда алдағы бағытымыз жаңа технологияларды игеру екені, еліміздің алға жылжуын кешеуілдетіп отырған ішкі мәселелеріміздің әлі де көп екені баяндалды.

 Елімізде әлемді әлекке салған пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Осы орайда Президент адам өмірі мен еліміздің болашағы үшін күресте үлкен үлес қосқан дәрігерлер, құқық қорғау қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен еріктілерге алғыс айта отырып, 2023 жылға дейін дәрігерлердің жалақысын көтеру жөнінде пәрмен берді. Әлбетте, пандемия кезінде өзге де сала мамандары аянып қалған жоқ. Ел аумағында білім беру саласында да біршама өзгерістер орын алғаны белгілі. Жолдау барысында пандемия кезіндегі қашықтықтан білім алу мәселелері шешімін тауып, жаңаша өзгерістердің қажет екені айтылды. Яғни, білім беру саласында қызмет етіп жүрген ұстаздардың да еңбекақысы көтеріледі.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, еліміздегі экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтап қалу үшін тиісті шаралар қолдану қажеттілігі ескертіліп, ломбард, несие, салық жүйелеріне өзгерістер енгізу туралы тапсырмалар берілді. Одан бөлек, еліміздегі өнеркәсіп саласына да утилизация қажет екенін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы жаһандану талаптарына сәйкес, жаңа технологиямен қамтамасыз ету және игеру жөнінде міндеттер жүктеді. Ауыл шаруашылығына жаңа субсидиялар қарастыру мен тың жерлерді игеру туралы айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы дәл қазір өзекті болып отырған жер игеру саласында жаңа жобалар қарастырылатын атап өтті.

Сондай-ақ, «Еріктілер жылы" студент жастар, белсенділер,  студенттік ұйымдар мен еріктердің белсенділігін және қатарын көбейтуге де айрықша назар аударылатынын тілге тиек етті.

 

Жансерік ЖҰМАН,

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

Пікір қалдырыңыз