Тәртіп сақшыларды қайырымдылыққа дайын

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жағдайы төмен отбасына көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Конституция» мерекесіне орай Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы полиция қызметкерлерімен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара бойынша Сарыағаш ауданының жергілікті тұрғыны, жалғыз басты ана, мектеп табалдырығындағы екі бірдей баланың тәрбиелеушісіне тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін алып берді.

Сондай-ақ отбасы мүшелерімен жеке сұхбат құрып, қаржылай және басқа да көмекке мұқтаж отбасын асырауға қандай қиыншылықтар бар екенін анықтады. Сонымен қатар, қызметкерлер отанасына қандайда бір мәселе болса, полиция бөліміне хабар беруге болатынын, әрдайым көмек беріп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтты.

Пікір қалдырыңыз