292 АДАМНЫҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ

Заң күшейгенмен, жауапкершіліктің салмағын сезінетіндер аз.

Өткен жылдың желтоқсан айында қолданыстағы әкімшілік заңнамаға бірқатар өзгерістердің енгізілгені мәлім. Онда масаң күйде көлік жүргізетіндерді көлікті басқару құқығынан айырып, әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. Дегенмен, заң қатайса да, жауапкершілікке атүсті қарайтындардың саны азаймай тұр. Облыстық прокуратураның мәліметіне жүгінсек, бүгінге дейін 292 жүргізуші ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін қамауға алынып, барлығы да көлік жүргізу құқығынан айырылған.

 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз