Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

1. Ердің туы – намыс.
2. Қырағының өзі де, көзі де батыр.
3. Ежелден ел тілегі — ер тірегі.
4. Тәртіпке бас иген құл болмайды.
5. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің құлы.
6. Ептілік пен ерлік – ерге тән қасиет.
7. Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
8. Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әзір болу қажет.
9. Ерлік – елеусіз қалмас.
10. Арлы адам ардақты, ар – ардақтың анасы.
11. Азамат жолы – ар жолы.
12. Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
13. Отаның үшін отқа түс – күймейсің.
14. Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ.
15. Соғыстың заңы – өте қатал.
16. Жауыңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауыңды күйрете алмайсың.
17. Жауды өлтірсең – өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
18. Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
19. Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
Асылхан Ерасыл
Норм