Түркістандық пара спортшылар ерледі
Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарында қазақ-стандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшысы Бексұлтан Құлмырза жарыстың ақтық белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Сонымен бірге Бағланбек Оңалбек V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Пара дзюдодан J1 санаты бойынша +95 келіде сынға түскен Бағлан сенімді ақтай білді.
Осы додада түркістандық Ақтолқын Сейілбекова да пара дзюдодан топ жарып, алтын медаль иеленді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қарсыластарынан басым түсіп, жоғары шеберлігі мен қайсар мінезін танытты. Осылайша, Ақтолқын құрлықтық додада Қазақстан қоржынына алтын жүлде салып, ел мерейін үстем етті.
Бұл – отандық параспорт үшін зор жетістік әрі Түркістан облысы спортының мерейін асқақтатқан жеңіс.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы 150 параспортшы спорттың 12 түрінен бақ сынады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.