Түркістандық әуесқойлар ел чемпионы атанды
Жуырда Қызылорда қаласында әуесқойлар арасында кіші футболдан XIV республикалық біріншілік өз мәресіне жетті.
Еліміздің әр өңірінен келген 52 команда бас жүлдені сарапқа салған бұл дүбірлі бәсекеде Түркістан облысының құрамасы шебер ойын өрнегін көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша алтын жүлдені қанжығасына байлап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген жерлестеріміз Қазақстан чемпионы атанды. Бұл айтулы жеңіс – түркістандық футболшылардың жоғары дайындығы мен ұйымшылдығының, сондай-ақ жеңіске деген мүлтіксіз жігерінің айқын дәлелі болды.