Су үнемдеу – стратегиялық басымдық

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі ағын суға қатысты өзекті мәселелер мен суару маусымының атқарылуы бойынша арнайы жиын өткізді. Күн тәртібінде «Арыс–Түркістан» каналы арқылы су беру кезеңін қорытындылау, күздік бидай егісіне дайындық және трансшекаралық өзендердегі жағдай талқыланды.

Бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы секундына 400 текше метр, Қызылқұм МК арқылы секундына 80 текше метр, Машканал арқылы секундына 14 текше метр ағын су босатылған. Ал, «Қызылқұм» магистралды каналы арқылы Шардара, Отырар, Арыс өңірлерінің егіс алқаптарына ағын су жеткізілген.

Сонымен қатар, трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал аудандарының 140 мыңға жуық алқабы суарылған. Сондай ақ, «Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» магистралды каналдары Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандарын ағын сумен қамтамасыз етті.

Салаға жауапты қызметкерлердің мәлімдеуінше, вегетациялық кезең барысында туындаған өзекті мәселелер дер уақытында бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданған. Нәтижесінде шаруалардың сұранысы қанағаттандырылды.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, су ресурстарын үнемді әрі тиімді пайдаланудың өзектілігі күн тәртібінен түспейтінін ескертті.

Айта кетейік, биыл су үнемдеу технологияларымен қамтылған жер көлемін 164 мың гектарға жеткізіп, облыстағы суармалы жердің шамамен 30 пайызын қамтамасыз ету көзделген. Бұл жыл сайын шамамен 280 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік бермек.

2 пікір

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

Пікір қалдырыңыз