Ағайынның тұрмысын ауылына қарап білесің

Мемлекет басшысы еліміздің тұрақты дамуының негізі ауылдың дамуына келіп тірелетінін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Осы міндетті басшылыққа ала отырып, Түркістан облысында ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді мекендерді заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілуде.

Бүгінде облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, сапалы ауыз су, табиғи газ, жол, тұрғын үй және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

Түркістан облысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылы өңірдегі барлық елді мекендер толықтай ауыз су жүйелерімен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызға жеткізілді. Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Шардара қаласындағы «Шардара» топтық су құбыры («Тама-Тастанбек») құрылысының аяқталуы. Жоба нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда Түркістан облысында газдандыру деңгейі 88,9 пайызды құрайды. Биыл қосымша 33 елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарланған. Жоспар толық жүзеге асса газбен қамту деңгейі облыста 89,6 пайызға жетіп, табиғи газға қосылған елді мекендер саны 639-ға дейін артады.

Түркістан облысында жол сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоғары қарқынмен жүргізілуде. Есепті кезеңде 821 шақырым жол жөнделіп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94,8 пайызға жетті.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3 733 жаңа пәтер табысталды. Ал, биыл  тағы 3 561 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында облыста 83 жаңа әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Олардың қатарында 25 білім беру нысаны,

35 денсаулық сақтау нысаны, 17 спорт нысаны, 6 мәдениет нысаны бар.

Түркістан қаласында да заманауи инфрақұрылым мен туристік әлеуетті дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Қалада жаңа ипподром, Қолөнершілер орталығы және ерекше сәулеттік шешімімен ерекшеленетін «Экопарк» пайдалануға берілді. Жақын күндері заманауи аквапарк ашылады. Аталған нысандар Түркістанның туристік тартымдылығын нығайтып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жоспарланған 16 мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа білім беру нысандары заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар үшін сапалы білім алуға қолайлы жағдай қалыптастырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

4 пікір

  • Becca Wood
    Becca Wood

    I feel very fortunate to have crossed paths with MEDUZA, a specialist in spells. He enabled me to win a $259 million Jackpot with his lottery spell winning numbers. Truly, MEDUZA is a divine being manifested in human form. If you seek his assistance, you can reach him via his Whats-App: +1 (807) 798 3042 or email: lordmeduzatemple @ hotmail . com

  • Becca Wood
    Becca Wood

    beccawood442

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

Пікір қалдырыңыз