Өмірдің өзегі – өндірісте

Өңірімізде экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеру және халықты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмалары бұл күнде нақты жүзеге аса бастады.

2026–2029 жылдар аралығында Түркістан облысында жалпы құны 2,8 трлн. теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобадан тұратын портфель қалыптастырылады. Нәтижесінде 17 820 жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл құны 336,5 млрд. теңгені құрайтын 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар аясында 5 466 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Биыл облысқа 499 млн. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тарту жоспары бекітілген. Жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 115,3 млн. АҚШ долларын құрады. Алдағы кезеңде іске асырылатын ірі жобаларды айтар болсақ, Созақ ауданында «СП «Буденовское» ЖШС-нің (қуаттылығы жылына – 6 мың тонна) уран өңдеу кешенінің екінші кезеңі жүзеге асырылатын болады. Жоба құны – 30,2 млрд. теңге.

Отырар ауданында «KAZAKHSTAN LIHUA» ЖШС (қуаттылығы жылына – 10 мың тонна) мақта өңдейтін екі зауыттың құрылысын жүргізуде. Инвестиция көлемі – 10 млрд. теңге.

Ордабасы ауданында «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» компаниясы ірі қара сүйегінен май және пептон компоненттерін өңдейтін өндіріс орнын іске қосады. Жоба құны – 9 млрд. теңге. Сайрам ауданында «Meat Magnat» агроөнеркәсіптік кешені жылына 5 мың тонна ет өндіретін комбинат пен 10 мың ірі қараға арналған бордақылау алаңын салуда. Инвестиция көлемі – 6,7 млрд. теңге. Созақ ауданында «ИНКАЙ» БК» ЖШС-і «Инкай» кен орнында жылына

4 мың тонна өнім өндіретін аффинаж зауытын іске асыруда. Жоба құны – 7,5 млрд. теңге. Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» АӨК жемістерді қайта өңдеу цехы мен көкөніс сақтау қоймасын салмақ. Инвестиция көлемі – 4,1 млрд. теңге. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.

Өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Өткен жылы жаңадан 11 индустриялық аймақ іске қосылып, олардың жалпы саны 21-ге жетті. Қазіргі таңда индустриялық аймақтарда жалпы құны 158,4 млрд. теңгені құрайтын 105 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар толық іске қосылған жағдайда 5 964 жаңа жұмыс орны ашылады. Былтыр индустриялық аймақтарда құны 60 млрд. теңгені құрайтын 55 жоба іске қосылып, нәтижесінде 3,3 мың жұмыс орны құрылды.

Өңірдің инвестициялық дамуының маңызды бағыттарының бірі – «Turan» арнайы экономикалық аймағы. Бүгінде осы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 302,9 млрд. теңгені құрайтын 36 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда оның 6-уы іске қосылды. Барлық жобалар толық аяқталған кезде 6,8 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Өңірімізде ауылдық жерлерде шағын өндірістерді дамыту мәселесіне де ерекше басымдық берілуде. Өңірге сырттан әкелінетін тауарларға талдау жүргізіліп, жергілікті жерде өндіруге болатын өнім түрлері анықталды. Осы негізде дайын бизнес-кейстер әзірленіп, кәсіпкерлерге өндірістік алаңдар мен дайын жобалар ұсынылуда.

Облыста 29 шағын өндірістік алаң құрылды. Олардың жалпы аумағы 264 гектарды құрайды. Қазіргі таңда онда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Өндірістік алаңдарға орналастырылатын жобалардың жалпы құны 226,9 млрд. теңгені құрайды. Қалыптасқан өндірістік пулда 269 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 6,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгінде жалпы құны 159,5 млрд. теңгені құрайтын 109 жоба іске қосылды. Олардың қатарында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, жаңбырлатып суару жүйелері, тұрмыстық техника, мұздатқыш жабдықтар, құрылыс материалдары, бір реттік ыдыстар өндірісі бар. Алдағы уақытта жаңа бағыттар бойынша да кәсіпорындар іске қосылады. Олардың қатарында John Deere және Lovol ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, ауыл шаруашылығы дрондарын, бейнекамералар шығару, капсулды үйлер жасау, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру, кептірілген жемістер дайындайтын цехтар секілді өндіріс орындары бар.

Облысымызда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, өндіріс көлемін ұлғайтуға, ауылдық аумақтарды дамытуға және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған.

3 пікір

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

  • loanwestlake@gmail.com
    loanwestlake@gmail.com

    Poskytujeme finanční podporu, kterou potřebujete, s našimi rychlými a flexibilními možnostmi půjček. Ať už se jedná o osobní výdaje, vylepšení domu nebo neočekávané účty, nabízíme: • Konkurenceschopné úrokové sazby • Rychlý proces schvalování • Flexibilní splátkové kalendáře • Žádné skryté poplatky Kontaktní e-mail: loanwestlake@gmail.com WhatsApp: +15154259089

Пікір қалдырыңыз