Сіздерді көкпар додасы күтіп тұр

1-4 мамыр күндері Шымкент қаласындағы атшабарда ерекше дүбірлі дода өтеді. Көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы, аты аңызға айналған Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық турнир ұйымдастырылмақ. 
Көкпар – бұл жай ғана ойын емес, бұл – ерлік пен ептіліктің, намыс пен жігердің, баба рухы мен бүгінгі болмыстың тоғысқан тұсы. Бұл – тұлпардың тұяғы, жігіттің білегі сыналатын, жүрек пен намыс тартысқа түсер ұлы дода.
Ардақты ағайын!  Жігіттің жігерін, аттың шабысын, елдің рухын көргіңіз келсе – Шымкент қаласындағы атшабарда жүздесейік. Ұлы дала ұлдарының дүбірлі сайысынан қапы қалмаңыз!

«Оңтүстік»-ақпарат.

1 пікір

  • Aurelia Winston
    Aurelia Winston

    Specialist in recovery of any kind, they can help you spy on anyone on this earth and get information from anywhere at all, brillianthackers800@gmail.com is group of specialists in delivering jobs like this without stress all they need is the necessary information to get what you need, they are also available on Whatsapp +14106350697 to deliver.

Пікір қалдырыңыз