Қауіпсіз қозғалыс – ортақ міндет

Жол-көлік оқиғасы адам денсаулығына және өміріне төнген ең қауіпті залал. Оның шығыны өзге көлік оқиғаларынан келетін залалдан орасан зор. Биылғы жылдың 4 айында «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есебіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша 448 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Осы оқиға салдарынан дене жарақатын алғандар саны 520 адамды, ал қаза болғандар 13-ті құраған.

(Ескертпе: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жарақат алған немесе қаза болған ЖКО-ның есебін ғана жүргізеді)

Осы орайда ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығы Өркен СЕЙІТОВПЕН сұхбаттасқан едік. 

– Статистика көрсеткендей, қала аумағында жол-көлік оқиғалары мен олардан зардап шеккендер саны өсіп жатыр. Осы ретте қандай алдын-алу іс-шаралары қабылдануда?

– Жол қауіпсіздігінің басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының статистикасына алаңдатарлық жағдайына Мемлекет басшысы халыққа жасаған жолдауында «жол инфрақұрылымын жақсарту және жергілікті жолдарды да, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын да қамтуы тиіс интеллектуалды басқару жүйесін енгізу қажеттігін» атап өтті.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен әр жол-көлік оқиғасының орын алу себеп салдары зерделенді.

Мысалы, жол белгiлерiн сызу, жолдың жүру бөлiгiндегi таңбаларды, бағдаршамдарды немесе бейнекамераларды орнату, көшелер қиылыстарына интеллектуалды басқару жүйесін енгізу, түнгі уақытта жаяу жүргіншілері өткелдерін қосымша жарықтандыру және т.б.

Нәтижесі біздің үйлестіруімізбен тоқсан сайын қала әкімдігінде жол қауіпсіздік мәселесі жөніндегі өткен ведомствоаралық отырыстарда құзыретті органдарға нақты тапсырмалар беріледі.

Сондай-ақ Полиция департаментіне жол қауіпсіздігіне арналған тұрақты түрде профилактикалық іс-шараларды өткізуді тапсырылған.

Қазіргі таңда Полиция департаменті тарапынан сәуір-мамыр айларына «Қауіпсіз жол» рейдтік іс-шарасының өткізілуіне байланысты қала аумағында 448 жол-көлік оқиғасы орын алған (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 478). Яғни         -6,3%-ға төмендеген.

– Қаламызда қай көшелерде жол-көлік оқиғасы жиі орын алады және олардың түрлері?

– Жол көлік оқиғаларының жиі орын алатын көшелер: Тауке хан-А.Байтұрсынов, Ж.Шаяхметов-Т.Рысқұлов, Республика-А.Аскаров және Жібек жолы. Олардың басым бөлігінің түрлері: жаяу жүргіншіні қағып кету, көліктердің соқтығысуы.

– Мопед жүргізушілер тарапынан жол қозғалысын қасақана бұзғандардың есебі жүргізіле ме?

– Мопед, скутерлердің қатысуымен 4 ай қорытындысымен 11 жол-көлік оқиғасы орын алған (өткен жылмен салыстырғанда 42). Яғни -73,8%-ға төмендеген.

Аталған көліктердің жүргізушісі басым бөлігі жастар болып табылады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілген, аталған бағытта полициямен сәуір-мамыр айларына «Жасөспірім» республикалық рейдтік іс-шарасының өткізілуіне байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға оң нәтиже беруде.

Бұдан бөлек, Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттылық туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «qamqor.gov.kz» ақпараттық сервисінен көруге болады. Ол үшін «Геоақпараттық жүйелер» терезесіне өтіп, «ЖКО» қосымша бетін таңдау қажет.

 Сұхбаттасқан Ерболат Айнабеков.

#Заң_және_тәртіп

Пікір қалдырыңыз