Байырқұмдықтар да күл шығарудан құтылды

Таяуда ғана Арыс қаласындағы Байырқұм ауылының тұрғындары да «көгілдір отынға» қол жеткізді. Салтанатты іс-шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев арнайы қатысып, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті. Жалпы, Байырқұм ауылына газ жеткізу мақсатында ұзындығы 24,01 шақырымды құрайтын құбыр тартылған. Жоба бойынша 506 абонент, яғни 3500-ден астам тұрғын табиғи газға қол жеткізіп отыр.
«Байырқұм ауылы – Арыс қаласына қарасты ауылдық округтер ішінде табиғи газға алғашқы болып қосылып отырған ауыл. Алдағы уақытта Көкжиде, Жиделі, Аққала елді мекендері де кезең-кезеңімен газға қосылатын болады. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасады» деді қала әкімі.
Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Alicia Nida
Hire The Best Cryptocurrency Recovery Service / Lost Recovery Masters. Lost Recovery Masters offers tailored assistance to simplify and enhance the recovery process for victims who have fallen victim to Bitcoin theft. Understanding how reliable recovered funds are to their clients, Lost Recovery Masters has emerged with extremely effective and professional Bitcoin recovery services. Lost Recovery Masters has a team of investigators from across the globe that are well prepared to help clients from wherever they may be which means that help will always be within reach. Contact info. Website ( https://lostrecoverymasters.com/ ) Email ( Support@lostrecoverymasters.com ) Whatsapp +44(7537)-105921