Бағаны негізсіз көтергендер жазаланды

Мемлекет басшысы еліміздегі азық-түлік бағасының өсуіне бақылау жасауды тапсырған болатын. Негізінен азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру қорлары арқылы реттеп отыру міндеттелген.
Тауар бағасын тұрақтандыру, оның негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы комиссия құрылған болатын. Жыл басынан бері «Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі» комиссияның осы күнге дейін 70 отырысы өтті.
ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, сатушылар тауар бағасын өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан асырмауы тиіс. Бұл тұрғыда сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан нақты жұмыстар қолға алынған. Олар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 204-4-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) сауда үстемесінің мөлшерін асырып сатқан 213 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шара қолданып, заң бұзушылықтар жойылды. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деуге болады. Оның бағасын негізсіз өсірмеу жөніндегі жұмыстар күнделікті бақылауда. Одан басқа да тиісті шаралар атқарылуда.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ӘМАТ тізіміне 19 тауар, яғни бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (өлшеніп салынатын дән), тазартылған күріш (өлшеніп салынатын домалақ дәнді), картоп, асханалық сәбіз, пияз, қырыққабат, қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын сүйегі – төс бөлігі), тауық еті (сан сүйегі, іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), майлылығы 2,5 пайыздық пастерленген сүт, майлылығы 2,5 пайыздық жұмсақ қаптамадағы айран, жұмсақ қаптамадағы сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар, өсімдік майлары жоқ), 1-ші санатты тауық жұмыртқасы, ас тұзы («Экстра»-дан басқа), майлылығы 5-9% сүзбе кіреді.
Марғұлан АМАНГЕЛДІ,
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша
сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы.
Alicia Nida
Hire The Best Cryptocurrency Recovery Service / Lost Recovery Masters. Lost Recovery Masters offers tailored assistance to simplify and enhance the recovery process for victims who have fallen victim to Bitcoin theft. Understanding how reliable recovered funds are to their clients, Lost Recovery Masters has emerged with extremely effective and professional Bitcoin recovery services. Lost Recovery Masters has a team of investigators from across the globe that are well prepared to help clients from wherever they may be which means that help will always be within reach. Contact info. Website ( https://lostrecoverymasters.com/ ) Email ( Support@lostrecoverymasters.com ) Whatsapp +44(7537)-105921