Егістік алқаптар көлемі ұлғайтылуда

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егістік көлемі 26 мың гектарға ұлғайтылып, 896 мың гектарды құрап отыр. Егістікті әртараптандыру мақсатында мақта алқабы 29 мың гектарға ұлғайтылып, 135,3 мың гектарды, дәнді дақылдар алқабы 5 мың гектарға артып, 338 мың гектарды, майлы дақылдар алқабы 2 мың гектарға ұлғайтылып, 72,7 мың гектарды құрады. Ал, көкөніс және бақша дақылдары алқабы 7 мың гектарға, мал азықтық дақылдары алқабы 3 мың гектарға қысқартылады.

Бүгінде жоспарланған 519 мың гектар жаздық егістің 14 мың гектары егілді. Дала жұмыстарына 
17,5 мың техника жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 15,7 мың трактор, 1,7 мың дәнсепкіш техника, 2,9 мың соқа, 2,2 мың қопсытқыш агрегаттар бар. Сонымен қатар, Жетісай ауданында «Мақталы жер» базасында арнайы машина-трактор стансасы құрылып, «Оңтүстік «АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Жоба құны – 447 млн. теңге. Қаржыландыру нәтижесінде 12 трактор, 7 дәнсепкіш және 5 қопсытқыш, жалпы 24 дана техника сатып алынды. Дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 98 пайызды құрайды.
Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Ақпан айына бөлінген 2 мың тонна жанармай агроқұрылымдарға босатылуда. Босату бағасы нарықтық бағадан 15%-ға төмен. Одан бөлек, тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық тыңайтқыш зауыттарының 60% субсидиясы төленді. Бағдарламаға өтінім қабылдау одан әрі жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс аумағындағы қоймаларда 25 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы. Дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 8,8 млрд. теңгеге 1141 жоба қаржыландырылды.
Пікір қалдырыңыз