Мереке жаңа форматта өтсе дейміз

Наурыз – табиғаттың қайта жаңаруының, жаңа өмір мен үміттің мерекесі. Бұл мейрамның шығу тарихы б.э.д. Ү-ҮІ
ғасырларда, яғни ежелгі Иран мен Орта Азия халықтарының мәдениетіне
негізделген. Қазақстанда Наурыз ХХ ғасырдың басында көптеген саяси және
әлеуметтік себептермен тойланбай қалғанымен, 2010 жылы ЮНЕСКО бұл мейрамды
адамзаттың мәдени мұраларының бірі ретінде тізімге енгізген болатын. Сол
уақыттан бері түркі халықтары арасында мереке кеңінен аталып өтіледі. Көне
заманнан бері бойына талай асыл
қасиеттерді сіңірген бұл мейрамды ХХІ ғасырдың жастары ерекше түрлендіріп, жаңа
леп қосу арқылы ерекшелендіре түсті. Ал,
олар мереке туралы не айтады? Тыңдап көрелік.
--Әр мейрамның өзіне тән символы немесе
белгісі болады. Мен Наурыз мейрамының арнайы эмблемасының болғанын қалаймын.
Сол эмблема арқылы мерекенің сәні кіреді деп ойлаймын. Қазақи этно стильдегі
киімдерге сол эмблеманы қосу арқылы мейрамның ерекшелігі, оюлардың қадірі
артады деп сенемін, – дейді Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ бітіруші түлегі Қыдырәлі
Жетпісбек.
–
Наурыз
көже – Наурыз мейрамындағы негізгі
тағам. Оның құрамы барлығымызға мәлім. Мен тағамның құрамын әр түрлі талғамға
қарай жасап, арнайы кулинарлық шоу жасалғанын қалайтын едім. Сол арқылы тұтынушы
талғамына байланысты Наурызкөженің сұранысы артар еді, – дейді Ақмаржан Исабек.
– Мен электронды және мобильді ойындарды
қатты жақсы көремін. Белгілі бір персонажбен ойнау барысында түрлі
мейрамға байланысты ойынның безендірілуі мен атмосферасы өзгеріп отырады. Сол
секілді Наурызда ойналатынұлттық ойындарға
ерекше безендірулер енгізу керек. Сол кезде мейрамдық көңіл-күй ойыншылар үшін де ерекше әсер қалдырар еді, –
дейді болашақ IT маманы Нұрхан Өмірбек.
–
Еліміздегі
өзге елдердің асханаларында жиі боламын. Мейрамдарына байланысты сол
мейрамхананың ас мәзірі өзгеріп отырады. Еліміздегі өзге ұлт өкілдері де бізбен
бірге мейрамның қызығына бо йлап кіруі
үшін барлық мейрамханаларда ас мәзірін 1
күнге ұлттық тағамдармен алмастыруды
қалаймын. Мәселен, бауырсақ пісіріліп, наурызкөже дайындалып жатса. Сол кезде
Наурыздың тойлану ауқымы да, форматы да керемет болар еді,--деді Шұғыла
Түймелиева атты оқушы қыз.
–Біздің ел Наурыз мейрамын он күн тойлауды бастады. Яғни, түрлі атаумен 10 күн
бойы түрлі бағытта іс – шаралар жасалады. Мерекеніодан әрі ауқымды етіп өткізу
үшін 21- нен 22- не қараған түннен бастап 24 сағат бойы әр сағатқа ерекше
үрдістер енгізілсе. Мысалы, бір сағат
ұлттық аспаптармен шеру өтсе, келесі сағатта ұлттық – тарихи заттарымызды
насихатса. Мұнан соң сауда жасайтын
үлкен керуен – көш өтсе. Келесі бір сағатта жастар үлкендерге сәндік киімдерін
көрсетіп, көрімдік сұрап жатса. Тәулік
бойыұлттық салт-дәстүрлерімізді ерекше форматта
жаңғыртсақ, – дейді Ұлағат Ғалымжанұлы.
Жастар осы сынды
қызықты әрі ерекше пікірлер айтады. Жаңа форматта өткен мерекеде жастар ұлттық
дәстүрлер мен мәдениетті жаңаша қабылдап, заманауи тәсілдермен қызықты әрі
креативті түрде таныстыра алады. Бұл жастардың өз тарихына деген қызығушылығын
арттырады. Бұл мереке тек қазақ халқы үшін ғана емес, барлық этностар мен
ұлттар үшін ортақ әрі біріктіруші рөлін атқарады.
Наурыз мейрамын жаңа
заманға сай, жастар үшін ерекше форматта тойлау – мәдениет пен дәстүрді жаңаша
қабылдай отырып, келер ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруға септігін
тигізері сөзсіз.
Лаура
ЕСЕНГЕЛДІ,
М.
Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.