Сауран қала

Сауран қала,
Сауран қала!
Дүрілдеп тұрған кезде
Дәурен дала!
Жібек жолы жаныңнан
Жанай өтіп,
Сәулетіңе таң қалған
Алуан дана!
Сырдың сұлу әсем бір
жағасында,
Ие болдың бүкіл әлем
бағасына.
Он ғасыр өткен кезде
Опырылды,
Қырық құлаш мұнараң,
Нанасың ба?!
Қоныс болды кең алқап,
Ұлан жазық,
Басыңнан бағың тайды-ау
Заман азып.
Шежіре, білім орда, бәрін
жиған,
Халқымның тұғыры едің
Алтын қазық.
Не дейміз, сұм заманға
Көңіл нала,
Ғайып болдың көзімізден,
Сауран қала.
Жұртыңа қиратылған, сыр
жасырған,
Келіп-кету келіп тұр
Қолдан ғана!
Айналаң алты шақырым
Қорған жатыр,
Әрең-әрең білінердей
Зорға жатыр.
Қорған үсті құлаш сайын
Сарбаз тұрып,
Жау жайратып шетінен
Болған батыр!
Жасырып тұр топырағың
Құпияңды,
Тіл қатпайды-ау сол заман
Сұрқиялы.
Тоқал сиыр мүйізінің
Тұқылындай,
Сүйір-сүңгі әр жерден
Қылтияды!
Сәніңді көре алмадық,
Сауран қала.
Әлемде теңдесің жоқ
Болған дара.
Сырыңды ішке бүккен
Ашып берді,
Археолог ғалымдар
Зерттеп сара!
Тарихтан аңыз айтылып,
Үзбеген жыр,
Аршылған ажар-көркің
Бізбенен жүр.
Қаңқа-сүйек, бедеріңді
көру үшін,
Туристер тізбек тартқан
Тізімде тұр!
Ханафия ОМАРХАНҰЛЫ,
мәдениет қайраткері.