Цифрлар не дейді?

2024-2025 оқу жылында облыста жоғары білімді мамандарды даярлауды 2 жоғары оқу орны, ал, техникалық  және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандарын даярлауды 48 оқу орны жүзеге асырады.

Соның ішінде алдымен жоғары оқу орындары туралы айтар болсақ, маман даярлау ісінде облыстағы ЖОО-ларда 897 оқытушы, оның ішінде 46 ғылым докторы, 256 ғылым кандидаты, 50 профессор, 125 доцент жұмыс істейді. 
Ағымдағы оқу жылында оқуға 2851 адам қабылданды, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 6,9 пайызға кем. Қабылданғандардың 36,1  пайызы ақылы оқыту қызметі негізінде, 63,9 пайызы грант есебінен білім алып жүр. Облыстағы студенттердің жалпы саны 2023/2024 оқу жылымен салыстырғанда 1,1 пайыз артып, 10910 адамды құрап отыр. Оның 62,6 пайызы – қыз балалар. 2024/2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 6739 адам (61,8 пайыз) оқиды. Ал, ақылы білім беру қызметін 4171 адам немесе 38,2 пайызы пайдаланып отыр. 2024/2025 оқу жылының басына даярланған мамандар саны 1253 адамды құрады.
Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелері туралы айтар болсақ, ағымдағы оқу жылы оқуға 17353 адам қабылданды, бұл 2023/2024 оқу жылымен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Олардың 20,7 пайызы ақылы оқыту қызметі негізінде, 79,3 пайызы мемлекет есебінен білім алады. Оқушылардың жалпы саны 43050 адамды құрады, оның 19671-і (47,5 пайыз) – қыз балалар. 2023/2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 8,9 пайызға өсті. Олардың 99,3 пайызы күндізгі бөлімде, 0,7 пайызы сырттай бөлімдерде оқиды. 2024/2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 32021 адам, ақылы білім беру қызметтері есебінен 11029 адам білім алып жүр. Бітірушілер саны 11190 адамды құрады, оның 6658-і (59,5%) жұмысқа орналасты, 662 адам жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуларын жалғастыруды жоспарлап жүр. 

Альфия МАНСУРОВА, 
ҚР Стратегиялық жоспарлау 
және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша  
департаменті әлеуметтік және демографиялық 
статистика басқармасының бас маманы. 
Пікір қалдырыңыз