Жас таланттар – еліміздің жарқын болашағы

Қазіргі таңда өнер мен ғылымда, спорт
пен мәдениетте ерекше көзге түсіп жүрген жас таланттар еліміздің мақтанышы.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі байқаулар, фестивальдер, олимпиадалар мен
жарыстарда топ жарып жүрген жастардың ішінде Түркістан облысының өрендері де аз
емес.
Әрбір жастың бойында ерекше қабілет пен
талант бар. Бірі ән айтып, сахнада жарқыраса, бірі сурет салып, қылқаламмен
өнердің биігіне ұмтылады. Кейбірі спортта шыңдалып, еліміздің намысын қорғаса,
енді бірі ғылыми жаңалықтар ашып, білім көкжиегін кеңейтеді. Осындай талантты
жастарға қолдау көрсету – болашаққа жасалған маңызды қадам.
Түркістан облысында жыл сайын «Жас
талант», «Түркістан таланттары» сияқты өнер және білім байқаулары
ұйымдастырылады. Бұл шаралар жас дарындарды анықтап қана қоймай, олардың
дамуына мүмкіндік береді.
Мысалы, жақында ғана Мансар Орынхан есімді арыстық жас актер «Үздік жас актер»
аталымы бойынша марапатталды. Ол өзінің ерекше актерлік шеберлігімен көзге
түсіп, кино және театр саласында болашағынан зор үміт күттіретін таланттардың
бірі болып саналады. Мансар Орынхан – қазақстандық актер және комедия
жанрындағы өнерпаз. Ол «Миллион» жайдарман командасының мүшесі ретінде танымал.
Сонымен қатар, «Жездуха» (2020) және «Менің атым Қызболсын» (2024) фильмдерінде
басты рөлдерді сомдаған.
2024 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданында өткен «BASTAU TALKS» қоғамдық
лекциясында Мансар Орынхан жастармен кездесіп, шығармашылық әлеміндегі
қателіктер мен сәтсіздіктердің уақытша екенін және олардың дамуға мүмкіндік
беретінін атап өтті. Сонымен қатар, Түркістан облысында талантты әншілер, бишілер, дизайнерлер мен
спортшылар да аз емес. Олардың жетістіктері – үлкен еңбектің, табандылықтың
және қолдаудың нәтижесі.
Жастарды қолдау – маңызды міндет. Жас таланттарды қолдау мақсатында
мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оларға шығармашылық
орталықтар, түрлі гранттар мен стипендиялар ұсынылады. Бастысы – әр талантты
жасқа өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру. Жас таланттар – елдің болашағы.
Оларды қолдау, дамыту және бағыт-бағдар беру – қоғамның басты міндеті. Себебі
бүгінгі жас дарындар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын мамандар, өнер
майталмандары мен чемпиондар. Сондықтан біз жас буынға сенім артып, олардың
биікке самғауына жағдай жасауымыз керек.
Еліміздің жарқын болашағы – талантты жастардың қолында!