АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Анықтаманың дайындалу мерзімі - 8 жұмыс күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» туралы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Архивтік анықтаманы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін шетелге тұрғылықты орналасуға және оңалту үшін беріледі. Cаяси қуғын-сүргін қолдану фактісін растау туралы мұрағаттық анықтаманың негізінде облыстық прокуратурасымен оңалту туралы анықтамасы беріледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО) бару арқылы туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды ұсынып өтініш береді, ал анықтаманы үшінші тұлға алған кезде (көрсетілген қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде) нотариалды түрде куәландырылған сенімхат беру қажет.

Анықтаманың дайындалу мерзімі - 8 жұмыс күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Көрсетілетін «архивтік анықтамалар немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет 1939 жылға дейінгі саяси қуғын-сүргін құрбандары, арнайы қоныс аударылғандардың іс-құжаттары негізінде ұсынылады.  

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі қағидалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен реттелген.

Алмагүл ТАСМҰХАНБЕТОВА, 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің

қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты

 қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры.

Пікір қалдырыңыз