ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӘДЕПТІ БОЛҒАНЫ АБЗАЛ

Кодекстегі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігіне байланысты қабылданған талаптар мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласы соңғы отыз жылда өзінің қалыптасу жолынан өтті. «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заң қабылданып, соның негізінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданды. Әйтсе де саланы жетілдіру жұмыстары мұнымен тоқтап қалған жоқ. Мемлекеттік қызметті дамыту бағытында қолға алынған реформа аясында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және сыбайлас  жемқорлықты туындататын жағдайлардың алдын алуға қатысты бірқатар шаралар қабылданды.

Кодекстегі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігіне байланысты қабылданған талаптар мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Онда мемлекеттік қызметшілердің ұстануға тиіс және қызметтен тыс уақыттағы әдептілік қағидалары бекітілген. Жалпы, оған мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, оның әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдеп нормалары мен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады. Соған сай мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет.

Міне, осы қызметтік әдеп нормаларын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Бұл нормалар мемлекеттік қызметшіге өз мүмкіндігін көрсетуге, өз көзқарасын ашық жеткізуге, ортақ іске ұжымды жұмылдыруға мүмкіндік туғызады.

Асхат ОРАЗӘЛІ,

Түркістан қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының сот хатшысы.

Пікір қалдырыңыз