ҚАРА ЖОЛДАҒЫ ҚАСІРЕТ АЗАЙМАЙ ТҰР

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауынан болып отыр.
Түркістан облысында биылғы қаңтар айында 69 (2024
жылы 54) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен
алыстырғанда 27,8%-ға өскендігін білдіреді. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны да 19,5% - ға артқан (82-ден 98-ге дейін). Оның ішінде жарақат алғандар саны 25,8% - ға өсіп (66-дан 83-ке дейін), есесіне, қаза тапқандар саны 6,3% - ға азайған (16-дан 15-ке дейін).
Жол-көлік
оқиғасы ең көп тіркелген аудан-қалалардың
қатарында Жетісай - 13,
Келес - 10, Сайрам - 10, Сарыағаш – 8 аудандары өзгелерден оқ
бойы озық тұр. Ал,
Түлкібаста
- 6, Бәйдібекте
- 4, Мақтааралда
- 3, Ордабасыда
- 3, Сауранда
- 3, Түркістан қаласында
- 2, Арыста
- 2, Қазығұртта
- 2, Шардарада –
2 және Созақта – 1 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жол-көлік
оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауынан болып отыр. Оның ішінде белгіленген жылдамдықтан асыра орындау және жаяу
жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінен туындаған
оқиғалар көп. Сондықтан облыс тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұранамыз.
Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.
ҚР Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу комитетінің Түркістан
облысы бойынша департаменті.