ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫ ҚАЖЕТ

Егер ана тіліміздің мәртебесін биік дәрежеге көтереміз десек, оған еліміздің әрбір азаматы жанашырықпен атсалысуы керек-ақ.

Бүгінде қазақ тіліне қатысты проблемалар толық шешілді деп айтуға әлі ерте. Оны басқа жақтан емес, өзіміздің күнделікті өмірден де байқауға болады. Егер ана тіліміздің мәртебесін биік дәрежеге көтереміз десек, оған еліміздің әрбір азаматы жанашырықпен атсалысуы керек-ақ.

Дегенмен, соңғы кездері өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген ұмтылысы көңілге қуаныш ұялатады. Кейбірінің қазақ тілінде таза сөйлейтіндері сондай, телеарналарда қазақ тілінде хабарлар жүргізеді. Олардың қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықыластарына еріксіз риза боласың.

Әрине, ынта болса, алынбайтын қамал жоқ. Ол үшін ана тіліміздің беделін көтеріп, оны күнделікті өмірде дұрыс қолданып, іс-құжаттардың сауатты толтырылуына әрбіріміз ықпал жасауымыз керек. Тіпті, тіліміздің беделіне нұқсан келтіретін кез келген жағдайға өре түрегелуіміз қажет. Тіліміздің дамуына үлес қосып жүрген осындай белсенді азаматтарды ара-тұра марапаттап қойған да артықтық етпейді. Әсіресе, мемлекеттік тілде іс қарайтын судьяларды және іс-құжаттарды сапалы жүргізіп отыратын сот мамандарын марапаттап отырған орынды деп ойлаймыз. Сонымен қатар, жиналыстар, «дөңгелек үстел» мәжілістері, семинарлар қазақ тілінде жиі өткізіліп отырса, мемлекеттік тілдің мәртебесі бұдан көтеріле түсері сөзсіз.

Санжар ЕРКІНБЕК,

Түркістан қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының бас маманы.    

Пікір қалдырыңыз