«COWORKING» орталығы ашылды


Төлебидегі «Қазығұрт» жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жаңа жұмыс пен шабыттың шексіз деңгейі - Coworking» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара шеңберінде «Coworking» орталығы ашылды.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру, заманауи технологиялар арқылы кітап оқу мәдениетін дамыту.

 Орталықтың ашылуында Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев және мектеп директоры М.Қарабаев құттықтау сөзін сөйледі.

Семинар барысында «Кітап рухани қазынаның мөлдір бастауы» атты оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, «KitapXAH@» кітап оқу сайысының аудандық  кезеңі қорытындыланды.

Оған мектеп кітапханашылары қатысты. Аталған іс-шара барысында кеш қонақтары мен кітапханашылар «Бірге жұымыс істеу – жетістікке жету» тақырыбында пікір алмасты. Кітапхана білім орталығы ғана емес, түрлі семинарлар мен тренингтер өтетін орын болу тиіс. Осы жоба оқушылардың білімін арттыруға және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

Мерей ҚҰЛМАН,

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 3-курс студенті.

 

Пікір қалдырыңыз