Түркістандықтар дес бермеді

Арыс қаласындағы көпсалалы спорт кешенінде 2008-2009 жылы туған қыздар арасында волейболдан облыс біріншілігі аяқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додаға 12 аудан, қаладан келген командалар қатысып, өзара күш сынасты.
Біріншіліктің ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы қатысып, жарыстың салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Түркістан қаласының құрамасы иеленсе, 2-орын Жетісай ауданының командасына бұйырды. Ал, 3-орынды Қазығұрт ауданының арулары еншілесе, саурандық қыздар үздік төрттікті түйіндеді. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы кубоктар мен медальдар табысталды.
Айсая Арусланбай,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенті.