Шәкірттер Абай әнін шырқады

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармалары ұлтымыздың рухани байлығы, ғасырлар бойы өзектілігін жоймаған мәңгілік мұрасы болып саналады. Оның оқырманға ой салар ойлы өлеңдері ғана емес, сонымен бірге жүректердің төрінен алған әндері де бар. 

Жалпы, ұлы ақынның шығармаларын насихаттап, жастардың бойына сіңірудің ең әдемі жолы –  өлеңдерін оқушылардың өзіне оқытып, әндерін орындату. Осы ретте біздің мектеп ұжымы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, өскелең ұрпақтың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлттық мұра – Абай әндері: Рухани қазына» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқылып, оқушыларға ұлы ақынның әрбір өлеңінің шығу тарихы жайында мәлімет берілді. Көркем-өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ақын әндерін нақышына келтіре орындап, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды. Бұл кеш өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы оятып, Абай мұрасына деген құрмет сезімін еселей түсетіні анық. 
Іс-шараға қатысқан оқушылар ұлы ақынның әндері мен өлеңдерін тыңдай отырып, оның мәнін тағы да тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.  Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оңалбаев бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, олардың рухани әлемін байытуға бағытталғанын, осындай әдеби кештердің болашақта үздіксіз өтіп тұруы маңызды екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 
    
Айгүл ШЕРАЛЫҚЫЗЫ,
Нұртас Оңдасынов атындағы №14 мектептің музыка пәнінің мұғалімі. 
Жетісай ауданы.

Пікір қалдырыңыз