Көз жасы анамның тыйылар ма?

Бүгінгі
ауа-райы қандай екен? Бүгін күн бұлтты ма жоқ әлде шуақты ма. Мен неге күннің
қандай екенін ойлап отырмын мен тіптен бұл жерде қанша күн жүргенімді де
білмеймін ғой. Осы жерден кеткім келеді, кейде тіпті осы өмірден. Бірақ,
ауылдан мені іздеп келіп көз алдымда тоқтаусыз егілетін анама жаным ашиды. Оның осы күйін көріп, ойға
батамын мен қай жерден қате кеттім деп. Әрине өзімді кінәлі көрсеткім келмейді.
Қай жағдайда болмасын сол кезде сол кісі болмағанда онда мен бұлай жасайтын ба
едім, мүмкін мен бұлай жасайтын ба едім деп, мен емес өзге кінәлі деп өз-
өзімді ақтайын десем де бұл ісім ақтауға келмес. Бәрі сол 2017 жылы басталған
еді. Сол жылы әкем жұмыссыз қалған болатын. Қарапайым отбасы болғандықтан менің
де ата-анамда несие бар еді. Несие көлемі айтарлықтай көп болса да ата-анамның
тұрақты жұмысы болғандықтан еш уайымсыз тіпті қатарластарымның қасында байдың ұлындай болып масаттанып, ата-
анамнан еркін ақша сұрап қалағанымды алып үйреніп қалған едім. Бірақ осы жылдың
қарашасында әкемнің әріптестерімен сөзі жараспай, соңы тіпті жанжалға ұласып
әкем жұмыстан босатылған еді, рулас таныс болғандықтан, оның үстіне анамның өте
білікті мұғалім екендігі ескерілді ме, әкеме басшысы отбасылық себептермен өз
еркіңмен арыз жаз, әлі жассың басқа жұмыс тауып отналасуыңа зиян келтірмейтін
деп, арызын алып шығарып салды. Осы оқиғадан кейін, осы айдың несиесін төлеу қиынға соқты.
Әкемнің апталап үйде екенін көре тұра, оның жұмыстан шыққанын біле тұра, менде
тыйыла қоймадым. Күндегісін күнде ақша сұрауымды тоқтатпадым. Анам алғашында
жарайды жей ғой қалағаныңды бірақ арзанырақ алсаң жөн болар еді дейтін. Ал
кейінірек тіптен ақша бермеді. Менің ақымақтығым соншалық осы болған жағдайдан
сабақ алып, ақша сұрауды тоқтатып таңертеңінен ерте тұрып ата-анаммен таңғы ас
ішіп ал түсте сабақтан келген соң түскі ас ішудің орнына дүкендерге қарызға
жазып қалағанымды алып жүре бердім. Кішкентай ғана ауыл болғандықтан менің
әкемді танитындықтан дүкенші Ғалия апай әкемнің атына жазып қарызға бере
беретін. Сол менің түкке
тұрғысыз тәтті- пүттімнің азық болмасын біле тұра, әжептеуір анамның қалтасына салмақ салатыны
ойыма да кіріп- шықпады. Осылай бірнеше ай қарызға жаздырып үйреншікті ,
фисташкий, кирешкий, чипсы тағы сол тәрізді
құнары болмаса да, құны жоғары
тәттілерімді алып жүрдім. Бірақ
қарыз мөлшері күрт көтеріліп кеткен еді. Галия апай менің әкемді әлі жұмысқа
орналаса қоймағанынан хабардар болатын, өзі аядай ауыл барлығы бір-бірін
таниды, оның үстіне кімнің үйінде не
жаңалық бар, кімнің сиыры бұзаулап, кімнің баласы әскерге кеткенін ең алдымен
осы дүкенге келіп -кеткендер айтып отыратын. Әкемнің жайын жақсы білетін Ғалия
апай маған қарызға ештеңе бере алмайтынын айтып шығарып салды. Қарыз мөлшері
көбеймей тұрып анама ескертпек болған екен… Ия шынында әкем жақын арада жұмысқа
орналаса қоймады, менің пайымдауымша ондай ниеті де жоқ. Жаңа айтқандай ауыл
өте кішкентай барлығы бірін-біріне туысқан тіпті әріптестері де. Оның
жұмысындағы жанжал тез тарап ауыл іші біраз уақытқа дейін сөз етіп жүрген еді.
Жоғары оқу орнын оқымағаннан кейін мектепте жұмысшы болып жасайтын. Ал жаз
мезгілінде жалдамалы жұмыстар жасайтын. Бірақ қазір қараша айы, сондықтан ол
жұмыссыз.Жалдамалы жұмыс жасауға ықылассыз екендігін анам екеуінің күнде кешсін
болатын үйреншікті жан- жалынан жақсы біліп жүрдім. Айқай- шудың тағы бір
себебі әкемнің мұңдас достары көп еді.
Бұрын оларды тек той-томалақтан ғана көруші едім, бірақ қазір күнде үйге
келуде. Мен оларды әкемнің шынайы достары оның мұңдастары деп қабылдадым. Ал анам
болса олай ойламайтын. Керісінше оларды жақтырмайтын. Оның себебі олардың
дастархан басына сүйікті сусынын қойып, ол тауыслса кезектесе Ғалия
апайдың түкеніне барып, жылтыр бөтелкенің
төрт- бесеуін бітіргенше жаңалап отыратын әдеттері болатын. Сондықтан
анам маған арғы тамға барып сабағыңды оқи бер деп, ол кісілердің жанынан алыс
жерге жіберетін. Бір күні сабақтан қайтып тағы Галия апайдың дүкенінен бір зат
алмақ болған едім, алдымнан анам шығып, “жүр үйге” деп жұлқылай кетті. Үйге
барғанда әкемнің достары әкеммен ащы суға сусындап отыр екен. Олар әрдайым
кешкісін келуші еді бірақ бұл жолы ерте келіпті. Бірақ анам әлгілерге назар
аударып қараған да жоқ. Ол төрде отырған әкеме ызалы жүзбен қарап: - Ей,
құлқынның құлы “Құдай тілеуімді беріп перзент сыйаса елді аузына қаратар,
басқаға үлгілі болар ұрпақ тәрбиелеймін, керемет отбасы боламыз” – деген сүмбіл
сөздерің қайда? Сен отырсың мұнда, не пайдасы, не мән мен мағынасы жоқ
құрылтайыңды күнде жинап, мына балаң жүр бәтеңкесінің бауына сүрініп мені
қарызға тығып, ұқсамасаң- тумағыр, сендер өзі құлқындарыңды тиясыңдар ма, жоқ
па? – деп әкемнің жолдастарын көзге ілмей айқайлай жөнелді анам.
-Ей, қатын сен маған не деп
әкіреңдейсің , сенетін кімің бар сенің қотыр қозыларын асырап баға алмай жүрген
жалғыз ағаң ба? Жоқ әлде бойынан тілі ұзын әпкелерің ба? Дауысың швғайын депті
сенің, бәлкім соларың саған біреуді дайындап қойған шығар,ия? Өлсең, өліп кет
ішем- жеймін өзім білемін, кеудемнен жаным шыққанша Қалыш болғаным болған… деп
әкем анама қарай тұра ұмтылды.
Жолдастары мұның жарамайды деп
сабырға шақырудың орнына, көзін көкшейтіп сенің қатыныңа тіл шығыпты ғой, мен
сенің орнында болсам орнына қояр едім мұндай қатынды, мынауың көкбет қой,
деп отқай май құя түсті.
-Ей, Сәкжан сен біреудің шаңырағына
араласпай өз отбасыңа еге бол, сосын болды осы тойлап, қайғырғандарың енді бұл
үйге келмеңдер , деп Сәкеш көкеге ащы дауыспен айқайлап берді анам. Осы сәтте
бойындағы еркектік қасиеті очнды ма, әлде мен қатынымды бір уысымда ұстаймын
деп мақтанғысы келді ма. Әкем анама балағат сөз айтым міндетсінгеніңді ал да,
құры үйден деп жұдырық ала жөнелді. Осы жолы өз эмоциясын тежей алмады ма, өзі
кең кеуделі бойшаң әкемнің жұдырығы да айтарлықтай жуан болатын, анамның құлақ
шекесіне тиген жалғыз соққы бөлме ішіне бір сәтте тыныштық орнатты. Қкрулы
қолдан ауыл соққы алған анам жерге сылқ етіп құлап түсті. Бірер минут болған
жайттан есім шығып есеңгіреп тұрып қалдым, анам болса еденде қимылсыз жатыр …
Кенет әкем тұманданған көзі ашылып, сансына сәуе кіргендей анамның жанына ентелей барып бар дауысымен
анамды жұлқылай басады, Жайса тұршы, не болды Жайса…
Осы оқиғадан кейін, отбасымызда
үлкен өзгерістер орын алды. Анам екі аптаға дейін жұмысқа шыға алмады, ал әкем
болса үйдің айналасындағы жасалатын шаруаларды, реттестіріп, анамның- асты
үстіне түсіп зыр жүгіріп жүрді. Араға біраз уақыт өтті менің мәселем ұмыт болды
ау, әкем де жолдастарын жинауды доғарды, отбасындағы жағдай тұрақталып келеді
деген ойда жүрдім.
Иә бұл істегенім қате болды бірақ
мен өкінбедім, мен неге сол сәтте өкінбедім?
Неткен жетесіз оңбаған едім десеңші. Сол күні анам кешкі асты дайындап
болып мені шақырды. Енді ғана кешкі асты
ішуне оқталғанда анамның менен көз алмай
қарап отқанын байқадым. Бірнеше секунтардан кейін оның көзінен тоқтаусыз жас
шығып, ол жылай бастады. Мен әрмен қарай тамағымды ішіп отыра бердім, себебі ол
әкемнің ащы суды ішкеніеің кесірінен жылап жатыр екен деп ойладым. Демек әкемді
кешірген кейіп танытып жүр екен… Бірақ анам “балам саған не істеймін өзі,
сабақты жақсы оқымадың жарайды көндік, үйдің жұмысын да істемейсің оған да көндік.
Бірақ менің қиналып жүргенімді көрдің емес пе, бір жағынан көмектесудің орнына
неге жығылғанға жұдырық болдың деп көз жасына ерік берді. Анамның күйзелістен күңгірт тартқан
аққұба жүзін жанарынан үздіксіз аққан жасы жуып жатты. Анам табиғатында сондай
ажарлы кісі, ал маған оның сол кездегі сұлу реңінің күн санап солғын тартып
бара жатқаны еш әсер етпеген болатын. Иә мен сабақты жақсы оқымадым онымен
қоймай үйдің шаруаларын жасауды өзімнің
міндетім деп санамадым. Себебі қар күреу, қи шығару мен шөп салу тіпті кейде су
тасу өте қиын шаруа болатын мен үшін. Ондай жұмыстарды үлкен адамдар жасау
керек деп түсіндім, өзімнің де зіңгіттей жігіт
болып қалғаным қыртыма кіріп те шықпады.Анам бірнеше минуттардан соң
тағы да өзімнен де бар сені әкең жұмсағанда жаңым шығып кетердей қорғаштаушы
едім, сенің таяқтамақ болып ашу шақырса,
өз арқамды тосатынмын. Ол кішкентай ғой өзің жаса деп ұрсушы едім, сені ер
азамат етіп тәрбиелеуіне өзім кедергі
келтірген екенмін ғой. Сол кезден қолыңа күрек алып, тірліктің көзін табуды
үйренсең, жұмысқа араласып үйренсең ,
жеген наныңның қадірін білер едің деп басын еріксіз шайқады.Бірақ мен өз-өзімді
кінәлі санамадым.
Керісінше кінәлі деп санайтын адамды
тауып іштей қуандым. Оны іштей жек көріп, мен жақсы бала болар ма едім, сол
кезде сіз мені қорғаштамағанда деген ой емес мені қорғай алмасаң неге өмірге
әкелдің деген әкірең нала тұрды. Қазір соны ойлап қатты өкінемім өзімнің неткен
қатыгез адам екенімді неге сол кезде аңғармағанмын. Анамның қардың қалың жауып,
мал жайына әкеме көмектесуге кететінін көре тұра, әкемнің ішімдікке салынғаннан
кейін анамның жалғыз өзінің бар жұмысты жалғыз өзі жасап жатқанын көре тұра ,
оған көмектеспеген неткен надан едім, менің сүйкімсіз менмендігім өзімнен басым
болған екен ау. Анаммен әкемнің жолдастарының ұрысынан кейін әкемнің жолдастары
бір жола үйге келмейтін болды, әкем осылайша маған өнеге танытқысы келген
болар. Мен оған мән бермедім. Бірде мектепте әдебиет пәнінен апталық өтіп сол
жұмыстардың қорытынды жұмысымен анам
үйге кеш келді. Мен тамақ жасай алмаймын сондықтан бүгін ұрыспайтын шығар деп
ойлап дүкенге барған едім, ондағы мақсатым тез
дайын болатын тамақ немесе
қуырылған тауық етін алу. Мен үйге келгенде қаладан әкемнің ағалары қонаққа келген екен. Әкем мені шақырып шәй
қойып дастархан жазып жібер деп жұмсады. Оның бұл әрекеті мені қатты
ашуландырды.
Әкемнің 3 ағасы бар еді олар әкемді
арнайы қаладан іздеп келген екен. Бұл сирек болатын жағдай, негізі анам
аталарды арнайы шақырған сияқты. Себебі әкем үйінің кенжесі еді. Ол қара шаңарақта
қалып ал ағалары жұмыс бабымен, біреуі тіпті жоғары оқу орныны оқып жүргенде ақ
сол жақта тұруды жоспарлаған екен. Олар әкеммен біраз уақыт сөйлесті. Оған
түрлі ақыл кеңестер айтты. Әкем жоғарғы оқу орнын бітірмесе де үлкен ағаларынан
кем емес еді. Еңселі, тұлғалы , іскер қызу қанды адам, алайда ағалары бірінің
сөзін бірі жалғап үздіксіз ұрсып ақыл айтса да, ол кісі басын төмен салған
қалпы оларға қарсы үн қатпады. Тек анда- санда басын шұлғып ия, мақұл, түсіндім
деген сөздерді ғана айтты. Жұмыстың ебін таба алатын, сөздің қадірін білетін
адам бола тұра өзін сонша төмендетіп не көрінген әкеме дедім іштей, бірақ ол
кісі осы әрекеті арқылы жасы үлкен бауырларына деген сыйластығы мен құрметін
сақтап қана қоймай, маған да үлгі етуге тырысқанын енді бағамдап отырмын.
Сондықтан ол ақыл-кеңестерді бөлмей тыңдады. Оның орнында мен өзімді елестете
алмас та едім. Себебі маған басқа біреудің ақыл айтқаны мүлдем ұнамайды, мен
онымен ұрсысуға дайын тұрамын. Осы оймен әкеме телміріп қалыппын. Мені тек
үлкен кісінің түртіп “шәй құй!” деген сөзі оятқандай болды. Шәй құйып отырғанда
неліктен ол мені түртеді, ол менің туғаным емес қой деген ойлар келе берді
басыма, бір үйде бір бала болып, жақын мен жаттың арам жігін ажырата алмай
өскен екенмін. Иә маған ата-анам дауыстап та сөйлемейтін. Мүмкін бұған менен
бұрынғы аға немесе әпкелерімнің шетінеп ал менің жалғыз бала болғаным себеп
болған шығар. Ех, ата-анамның сондай
махаббатының қадірін неге сол кезде білмедім екен. Шәйді үлкен атама беріп жатқаным сол еді
кенет мұрныма ерекше керемет иіс келді. Иіс өте керемет, өте жайлы, неге екенін
бұрын бұндай иісті сезбеген екенмін. Жалпы сезетінмін әкемнің жолдастары
келгенде, ал бүгінгі иіс мұрныма жұмсақ тиді. Мұрнымды жарып бара жатқансоң бұл
иіс көп ұзамай қонақтармен бірге ғайып болды. Бірнеше күндерден кейін әкем
қайта өз жұымыс орнына оралды. Кейін белгілі болғандай әкемнің ағалары тек ақыл
айтып қана қоймай әкемнің жұмысқа оралуына ықпал еткен екен. Жаман кәүндер
артта қалған сияқты болып көрінді әкем
қайта жұмыс істеп жатыр, несинлерін де ай сайын өтеп жатыр. Тіпті анам 3-4 ай
көлемінде несиеден де құтылып қалатынын дастархан басында сөзге тиек етті. Мен
қуанып келесі күні-ақ қайта ақша сұрау әдетімді бастаған едім, бірақ анам да,
әкем де маған ақшыа беруден бас тартты. Сол күні үзіліс уақытын асханада емес
сыныптастарыммен сыртта өткізуді жөн көрдім. Біздің сыныпқа қаладан жаңа оқушы
келген еді. Барлық бала оның айналасына жиналып алған екен. Қызық әңгіме болып
жатқан сияқты деп менде жандарына жақындадым, ол бала жаңа бір құрылғы ұстаып
алып менікінен көп бу шығады деді. Ал оған қарама-қарсы отырған Ерзат деген
бұзрақы бала менікінің иісі әдемі деп қолындағы темекісін тартып жіберді. Осы
сәтте мені темекі шегіп жарысып отырған оқушылардың бұзақы әрекеті емес ,
Ерзаттың қолындағы темекінің иісі еді. Бұл иісті әкемнің ағалары келген кезде
сезген едім. Бірақ иістің қайдан шыққанын білмеген едім. Ал қазір сол иістің
темекіден шыққанын біліп біршама ыңғайсызданып қалдым. Мені еліктірген керемет
иістің зиянды темекіден шыққаны мені таңғалдырған еді. Менің келгенімді енді
байқаған Ерзат маған “Бекнұр кел сенде шегіп көр” деді. Мен жоқ дей бергенде
барлығы шегіп көр бізде шектік неге қызға ұқсап сызылып тұрсың дей бастады.
“Қызға ұқсап сызылу” өте ауыр сөз еді. Менің бойымды сасық намыс оянды ма , жоқ
әлде сол ерекше иіске деген қызығушылық па, білмедім. Бірақ, бір сәтте Ерзаттың
қолындағы темекі менде болды. Алғаш тартқанда тұншығып бірден ауызымнан алып
тастадым. Сонда Ерзат “Ей дұрыс емес тартып шығарсай” дей бергенде, мен қайта
“жоқ ұнамады” дедім. Елрзат неге тартып көрмей жатып қашып жатсың, барлық
еркектер тартады емес пе, сенде көрсей жоқ әлде үйдегілер ұрсады ма қорқасың
ба, қыз құсаған неме деді. Сонда қаладан келген бала үйіңдегілер ұрысса менікін
тартып көрсең болады иісі шықпайды ешкім бақамай қалады деді. Сонда тағы да
сасық намысым есін жиып жоқ үйімдегілер ұрыспайды сондықтан мынадайды да шеге
беремін деп Ерзаттың қолындағы темекіні қайта жұлып алып шеге бастадым. Сол
кезде сасық намысым емес ой-санам , әке- шешеме деген жанашырлық сезімім
оянсашы. Басқалары темекіні тек өздерін күшті көрсету үшін басқа біреудің
көзінше шегетін еді. Ал мен жайлылық үшін, яғни оны шеккенде өзімде уақытша
болса да керемет сезінемін. Мен оқу бітіргенде мыңдай өзіне еріксіз елітетін
сұрықсыз әдеттерге әбден бейімделіп алған болатынмын. Ата- анам барын салып
менің болашағымнан зор үміт күтіп, шексіз сенім артып оқуға шығарып салды. Әке-
шешеді алдап, ақша алудың қыр сырын да әбден үйреніп алған едім, ұрлық үстінде
ұсталсам да еш мойындамауды дұрыс санап жүрдім. Басқа сыныптастарып мемлекттік
грант иегері болып, шәкіртақыға оқыса мен оқып жарытпағанымды місе тұтпай ақылы
оқуға жол тартқан едім. Бұлай оқудың бір пайдасы, үйден үнемі, тіпті жиі- жиі
ақша сұрап алатынмын. Осы сүйікті өмірімде , қызық күндердің құмарынан шыға
алмай жүріп , әуестігімнің сатысы жоғары дәрежеге көтеріліп , есірткіге ауысқанын өзім де
байқамай қалдым. Ия ата -ананың қадіріне жете алмауым мені осы ортаға келіп
қамалуға бір ақ соқты…
Жастық шақ, қызығушылық пен құмарлықтың
соңына түсіп беті жылтыр бейідеп бойжеткендер мен ақшаға шомылған байдың
балаларын жолдас санап , өзімді ауылдағылардан жоғары санауға тырысып жүріп ,
құз түбіне құлдилап құлағанда есімді бір ақ жинадым….
Есімді осыдан екі ай бұрын
больницада аппақ қабырғалы палатада аштым. Жанымда толық келген апай ей
айналайын ай көрер жарығың бар екен деді де, жүгіріп палатадан шығып кетті.
Кейін анам келіп менің басымды көкірегіне қойып ұзақ жылады , осылайша ол
бірнеше рет келді мен еңсемді көтеріп жүре бастадым, байқағаным оң жақ бүйірден
жоғарырақ ота жасалғанын байқадым. Мен өзімді сергек сезініп журненімді Нұрлан
Мұхтарұлы деген жас білікті дәрігер бақылап жүрді , ол менімен жан
тынышталдыратын түрлі қақырыптарда, ата-ананың қадірі туралы әңгіме айтуға
уақыт тауып кететін. Бірде түс ауа палатаға анаммен бірге аталарым мен екі апам
кіріп келді. Менің кереуетімен жайғасып терең күрсінген үлкен атам балам сен
әкеңнің бізге қалдырған аманатысың, артындағы тұяғы келмеміздің көзісің деді
дауысы дірілдеп. Мен осы сөздерден әкеме бір жағдай болғанын ұқтым, олк кісінің
неге келмей жүргенін анамнан сұрамаппын да, және оң жақ бүйірім шаншып бауырым
төмен тартып, жоғары көтеріліп астаң кестең күй кештім.
Маған сай
келетін бауыр доноры табылмаған соң және ондай мүмкіндік жақын арада
болмайтынын болжаған әкем өз байырының 75-80% маған беруге өтініш білдіріпті,
осындай жанқиярлық әрекетке баласы үшін барған әкем маған жасалған ота сәтті
шыққанына қатты қуаныпты, алайда өзінің денсаулығы күрт нашарлап маған қайта
өмір сыйлаған күннің ертеңіне мәңгілік мекенге аттанып кетіпті. Дәрігерлердің
ұйғарымы бойынша менің ағзамның қалыпсыз болуына байланысты, сол есірткі
заттарының кері әсерінен , мені біраз уақытқа ұйқыға жатқызып қадағалауға шешім
қабылдапты.
Алдағы
демалыс күндері әкемнің 100 күндік асын өткіземіз, сол құранның ішінде өзі де
болсын перзенті ғой деп маған қаралы қазаны жеткізіп көңілімді сұрауға келген
екен аталарым . Ия мен сауығып үйге оралдым, құран бағыштап ниет жасалды,
әкемнің басына барып топырақ салдым,
бірақ ішімді алай- дүлей арпалыс билеп, жаным күйзеліп, өткен күндерге оралуды
аңсайтынды шығардым. Егер қиналып, қиынлыққа төзе алмай жүрсең маған хабарлас
деп Нұрлан Мұхтарұлы телефон номерін берген болатын. Мен басқаға емес сол
дәрігерге хабарласады жөн көрдім. Ол кісі мені мен сияқты тағдырдың тегіс
жолында тайып жамбасын жарған талайлардың өмірін оңға қарай өзгертетін
Оңалту орталығына барып біраз уақыт
демалуға кеңес берді. Сол күннен бері арада 5 ай уақыт өтті. Өткенімді қайта
оралып түзету мүмкін еместігін жақсы білемін,
тек ащы өксікпен күйініп әттең деймін. Әкемнің мені оқуға жіберер алдында,балам осы сорлы
шешеңнің сен үшін , сені өмірде әкелу үшін көрерменгі жоқ, мен де қолап жақсы
сөйлеудің орнына үнемі әкесіз өскені үшін кемсітіп, жылатудан жалыққан емеспін,
енді сорлы шешеңнің көзінен жас тамызбай, ақылмен өмір сүр, білім алып жақсы
қызмет жасап анаңды аялауға тырыс деген болатын. Бұл әкемнің маған айтқан соңғы
өсиеті боларын сол кезде білген, қандай парықсыз перзент едім, сорлы анамның
өмірінде үш еркек болса , оның біріншісі әкесі анам туылғанда тағы да қыз тудың
деп, үш қызымен нағашы әжемді тастап кеткен. Әжем жол апатынан қаза болған
көршілерінің ұлын қамқорлығына алып, осы үйге ұлымызға еге бол деген көрші
келіншектің соңғы сөзін жерге тастамай баласын бауырына басып, сол баланың үш
бөлмелі үйін паналап тірлік қылған. Ал әкем болса анама сол тірі жерім екенін
бетіне басып, өзінің құлдилап жерге құлаған басын қанша жоғары көтерсе де, сол
сорлы анама жылы сөзін еш жылы сөзін аямайтын, қос жанарынан құрғатпай жұбайлық
өмірде де егіліп өткен анашым – ай .
Ал үшінші
еркегі менмін менің сырым енді белгілі. “ Байдың азабы, азап емес – Алла
баланың азабынан сақтасын. “ – деген сөз мен сияқты ұлдарға айтылса керекті.
Элиза МУХАНҚЫЗЫ М.Әуезов
атындағы ОҚУ-дың 2 – курс сдуденті