Жас зерттеушілер жеңіспен оралды

Ақмола обылы, Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында Түркістан облыстық «Д"арынды балаларды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен республикалық конкурс өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген 2-7 сынып оқушылары қатысты.

Аталмыш сайыста Ордабасы ауданының оқушылары оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, Қараспан ауыл округіндегі Б.Оңтаев атындағы мектептің оқушысы Дінмұхаммед Қаныбек Әмина Абдрасилованың жетекшілігімен «Қараспанның болашағы – ертегі» жобасын қорғап шықты. Оған қоса Шұбарсу ауыл округіндегі «Зерде» мектебінің  оқушысы Кәусар Әбубәкір Бауыржан Сейітқұловтың жетекшілігімен «Қазақстандағы экологиялық туризм: Қорықтар мен ұлттық парктердің туристік әлеуетін арттыру» жобасын қорғап, үздік деп танылды.

Мерей ҚҰЛМАН,

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 3-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз