Түркістандықтар топ жарды
Шымкент қаласында аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының ХХІІІ чемпионаты мәреге жетті. Ат үстіндегі балуандар бәсекесінде еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген мықты спортшылар өнер көрсетті.
Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Атап айтсақ, жерлестеріміз 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль олжалады. Облыс намысын абыроймен қорғап, алтын жүлде салған спортшылар қатарында 74 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Ғабит Ағабек, 94 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров, 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Біржан Қосалиев бар. Ал, 62 келіде күш сынаған Ермек Құралбай күміс жүлде иеленсе, 80 келідегі Дарын Өткелбай мен 100 келіде бақ сынаған Түймебек Жұмалиев қола жүлдегер атанды.
- Е.Қожахметұлы.