Жерлестеріміз рекорд жаңартты
Алматы қаласында суға жүзу спортынан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты аяқталды.
Осы дүбірлі додада Түркістан облысының спортшылары 2014 жылдан бері бұзылмай тұрған ел рекордын 10 секундқа жаңартып, чемпион атанды. Жарыста 4×200 метр қашықтықта еркін жүзуден эстафеталық сында Ботакөз Оспанова алтыннан алқа тақса, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцеваға тең келер қарсылас болмады.
Айта кетейік, ел чемпионатына 21 команда, 233 спортшы қатысты. Ел чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар облыстық су спорты түрлері мектебі мен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Жанас Шалдарбековадан тәлім алады.
«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.