Дарындылар далада қалмас үшін...

Түркістан қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатында өткен «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбындағы секция жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен шығармашыл ұстаздардан құралған 50-ге жуық адам қатысты.

Жиында облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Әлия Биболова  «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жөнінде әңгімеледі.
Сонымен қатар, семинарда жасанды интеллект мәселесі де талқыланды. Жаңа цифрлық технология мен жасанды интеллектінің оқу процесіне қолдану ерекшеліктері талданды. Онда интернетті қолдану арқылы жасанды интеллектті оқуда тиімді пайдалану үрдісі қозғалды. Деректермен жұмыс істеу, мәліметтерді талдау, дәйекті бағалау түрлері айтылды. Секция жұмысы барысында әртүрлі тақырыпта қызықты да құнды баяндамалар жасалды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз