Отырардағы қуаныш

Отырар ауданындағы Талапты ауылдық округіне қарасты Шытты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысты. Нысанда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған әрі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде аудандағы Шытты ауылында 1300-ден астам тұрғын бар. Енді ауыл тұрғындары аудан орталығына сабылмай-ақ, өз ауылдарында сапалы медициналық көмекке жүгіне алады. 
«Шытты ауылында жаңадан ашылған медициналық нысан халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Бұл нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартып, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырмақ. Онда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған» деді аудан әкімі. 
Пікір қалдырыңыз