Педагогтың мәртебесін емес, БІЛІМ мәртебесін көтеру керек еді

Білім саласында 40 жылдай еңбек еттім. Зейнет демалысына шықсам да бұл саладағы өзгерістерге, жаңалықтарға, түйткілді мәселелерге көңіл бөле жүремін. Қазіргі таңда қоғам өзгеріп жатыр. Онымен бірге білім саласының да өзгеруі заңдылық. Өйткені, сол өзгерген қоғамды басқаратын, болашақта сол қоғамның тұтқасын ұстайтын қазіргі жастар, мектеп оқушылары болмақ. Ал, оған біздің білім саласы да, сол салада еңбек ететін педагогтар да сай болуы тиіс.

Білім саласында проблема жетерлік. Соның бірі ретінде ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты айтар едім. Өзім 20 жылдай әртүрлі мектепте басшылық қызметте болдым. Оның ішінде қала мектептері де, ауыл мектептері де бар. Сонда байқағаным, бәрібір қалада оқитын оқушының білімі ауыл оқушысына қарағанда ілгері. Ауыл мектептерінің артта қалуын білім базасының дұрыс қалыптаспағанынан, қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығынан көретіндер бар. Ол – ескі түсінік. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде де заманауи үлгідегі білім ордалары салынып жатыр. Олардың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жетілдірілген. Солай бола тұра неге ауыл мен қала мектептерінің арасында алшақтық бар? Ауылдық жерде жұмыс істеуге барған маманға мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер жасалатынына қарамастан жастардың ауылға аяғы тартпайды. Кадр тапшылығына байланысты ауылдағы мектеп басшыларының алдында сапалық таңдау жоқ. Таңдау болмаған жерде сапа да талап ете алмайсыз. Қайтпек керек?! Менің ойымша, мұғалімдердің білім беру әдістемесіне өзгеріс жасау керек. Сонда ауыл мен қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы теңеседі деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда білім саласындағы бақылау жүгенсіз кетті деп айтуға болады. Мәселен, бұрын мектептің, ауданның білім саласындағы рейтингі ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты шығарылатын. Қазір бұл жүйені түбегейлі алып тастады. Соның салдарынан білім сапасы, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мүлдем төмендеп кетті. Қазір мектеп мұғалімдерінің ҰБТ-мен жұмысы жоқ. Мұны білетін ата-аналар балаларына жеке репетитор жалдайды. Бұрын біздің кезімізде мектепке қонсақ та, оқушының санасына білім нәрін құйып, тестілеуден жоғары балл алуы үшін жанымызды салатынбыз. Сонымен қатар, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» осы ҰБТ қорытындысына байланысты берілетін. Қазіргі таңда «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері ҰБТ-дан неше балл алып жатыр? Олар грантқа ие болып жатыр ма? Осының бәрі талданбайды, сараланбайды, мониторинг жүргізілмейді. Мұның барлығы білім сапасының төмендеуіне алып келді.
Әлем жаһанданып келеді. Онымен бірге өскелең ұрпақ та жаһандануда. Қазіргі таңда білім саласындағы ең үлкен проблемалардың бірі – жасөспірімдер қылмысы. Осы тұста біздің қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікір бар. Егер бала қылмыс жасаса оған мектеп директоры немесе сол мектептің психологы кінәлі болып шығады. Бұл – бәріне ортақ проблема. Баланың психикасының бұзылуына, қылмысқа баруына мектеп директоры да, оның орынбасарлары да, мектеп психологы да, сынып жетекшісі де, ата-анасы да кінәлі. Мектеп басшысы мен орынбасарлары көп жағдайда тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін ұмытып кетіп жатады. «Қазіргі балалар өте агрессивті, оған атыс-шабыс фильмдер, ғаламтордағы зорлық-зомбылық әсер етеді» дегенді айтамыз. Шын мәнінде баланың мінезінің қалыптасуына оның ортасы әсер етеді. «Оқушы кіммен, қандай балалармен араласып жүр?» деген сұрақ мектеп директорынан бастап, сынып жетекшісіне дейін алаңдатуы тиіс. Оның ішінде ата-ана да бар. Егер осылардың біреуінің «жібі босап», баланы жүгенсіз жіберсе, ол міндетті түрде бір қателікке ұрынады.
Осыдан біраз жылдар бұрын білім саласындағы ең өзекті проблемалардың бірі педагогтардың әлеуметтік ахуалы еді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан педагогтарға көрсетіліп жатқан көмектің есебі жоқ деуге болады. Соған қарамастан білім сапасының оңалғаны шамалы. Бұл тиісті министрліктен бастап, жергілікті білім басқармалары, бөлімдер тарапынан бақылаудың әлсіз болып жатқанын білдіреді. Білім көрсеткіштері төмен мектептерді тексеріп, талдау жүргізіп, мониторинг жасап отыру керек. Осыған дейін айтылып келген «мұғалімдердің жалақысы аз» деген проблема қазір жоқ қой. Еңбек­ақысы көтерілген ұстаздар неге білім сапасын көтеруге, өзін-өзі дамытуға ұмтылмайды? Оның үстіне қазіргі таңда «Педагог мәртебесі» туралы заң арқылы мұғалімдерді бала оқытудан басқа міндеттердің бәрінен босатты. Енді неге ол алдындағы оқушыға сапалы білім беруге талпынбайды? Біз ұстаздық еткен жылдары баланы да оқыттық, сенбілікке де шықтық (өзіміз өмір сүріп отырған аймағымыздың тазалығы үшін), басқа да қоғамдық жұмыстарға араластық. Одан жаман болған жоқпыз. Білім берген шәкірттеріміз түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Көшеде көре қалса «Қалима апай, сізге рахмет! Үйреткеніңіз, берген біліміңіз өмірімізге сабақ болды» деп айтып жатады. Ұстазға осыдан артық сөздің, осыдан артық атақтың, осыдан артық мәртебенің керегі жоқ деп ойлаймын.

Қалима ИЖАНОВА,
зейнеткер, ардагер-ұстаз,
Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

2 пікір

  • Sofia Keller
    Sofia Keller

    HIRE A CERTIFIED CRYPTO RECOVERY EXPERT // LOST RECOVERY MASTERS ARE REPUTABLE Most frequently asked question by investors after losing Bitcoins to fraudsters is how possible it is to recover the digital asset. I happened to become a scam victim last summer. I became interested in Cryptocurrency trading last summer and decided to trade $425,000 worth of crypto through an online software company which promised huge returns. This all went wrong after they transferred all my funds from my coin base wallet to an unknown wallet address. I immediately had a search out on a reliable option to recover the funds back. I came across Lost Recovery Masters, a specialized group in Cryptocurrency Recovery services. I must say I have good fortune, all my lost funds have been recovered back all thanks to these experts. To any victim who has lost Crypto to fraudsters learn more on restoring back your funds Visit their website and Learn more: Website: (https://lostrecoverymasters.com/ Whatsapp (+44(7537)-105921) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

  • Collins Benton
    Collins Benton

    ARE YOU LOOKING FOR EXPERT HACKER TO HELP YOU TRACE OR RECOVER YOUR LOST FUNDS CONTACT GEO COORDINATES RECOVERY HACKER. Numerous people have reported about how they were able to retrieve their cryptocurrency with the aid of GEO COORDINATES RECOVERY HACKER. They are among the top cyber hackers in the business thanks to their extraordinary abilities and intelligence. With their knowledge of cryptocurrencies and Bitcoin recovery, they have helped many people get their money back. I made a pledge to let everyone know about their service. I was scammed over $570,000 to a fack platform for cryptocurrencies. I went to several websites and read a lot of testimonials and reviews on GEO COORDINATES RECOVERY HACKER. I chose to try them voluntarily, and it was the best choice I’ve ever made. I consider myself really lucky to have found the proper team; without them, I don't know what may have happened to me. I believe that someone out there will need his great services that is why I am referring him to someone out there. I have already recommended their services to a friend at work, confident in their ability to deliver results with integrity. Reach out to Crypto Expert Hackers to recover your lost funds. For further assistance, talk with a representative through the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com WhatsApp ( +1 (512) 550 1646 ) Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack

Пікір қалдырыңыз