Азаттық аңсаған елдің асқақ арманы
Созақ ауданының күнбатыс қиырында жолаушыдан түсіп қалған моншақтай Қызылкөл мөлдіреп жатушы еді. Сол көлге бала кезімізде талай рет шомылдық. Көлдің батыс жағы қызыл жалқынданып ерекше көрінетін. Көнекөз қариялардың біразы айдынның Қызылкөл атануы осы көрініске байланысты десе, екінші тобы «Кенесарының ұлы Сыздық ағасы Тайшықты сатқындық жасағаны үшін осы Қызылкөл жағасына әкеліп, басын қылышпен шапқан» деп дене түршіктірер әңгіме айтатын. Шалқар айдын сол қанды оқиғаға байланысты Қызылкөл атанса керек.
Иә, біз Кенесары хан туралы жастайымыздан біліп өстік. Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясы жанымызды күйзелтетін. Жазушы өзі өмір сүрген заманның саяси-идеологиялық ауыр қыспақтарына қарамастан, үлкен ізденістің арқасында тарихи дәуірдің диалектикасы мен қарқынын білдіретін тарихи тұлға – күрделі де қарама-қайшылықтарға толы Кенесары Қасымұлының көркем образын сомдады. Біз осыдан соң Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» атты романынан хан Кененің бейнесін, ерлігі мен азаматтығын, отансүйгіштік қасиетін таныдық. Дегенмен, Кенесары ханның жиынтық образы әлі де кемшін түсіп жатқандай көрінетін. Осы олқылықтың орнын танымал жазушы Әділбек Ыбырайымұлы толықтырыпты. Оның «Семсер жүзіндегі серт» атты трилогиясы елдік мұратты қорғау мен жүзеге асыру жолындағы тұтас бір дәуірдің панорамалық суретін көз алдыңызға әкеледі. Автордың тарихи туындыға тыңғылықты дайындықпен келгені үш томдықтың әр парағынан аңғарылады.
Бірінші кітап – «Арланның азуы» деп аталады. Кітап Кенесары ханның түбіне жеткен қырғыз Орманбет манаптың ел-жұртты шешесінің асына шақыруымен басталады. Атағы алысқа кеткен манаптың шақыруын қазақ жұрты да құп алады. Осы асқа Тезек төре де келеді. Оның жанында қазақтың айтулы ақыны Сүйінбай да бар еді. Үлкен ас бәйге, көкпар, айтыссыз өткен бе?! Ас үстінде Сүйінбай мен Қатаған ақын айтысады. Сүйекті Сүйінбай сөзден сүрінген бе, ол қырғыздың қазаққа жасаған қиянаттарын қорқып-тайсалмай жеріне жеткізе жырлайды. «Жайыл қырғыны» оқырманның төбе шашын шымырлатады. Орманбет, Жантай тәрізді қырғыздың игі жақсыларының көзінше Кенесары мен Наурызбай батырдың ерліктерін жан-жақты ашып көрсетеді. Шын мәнінде, қырғыздардың қиястығы шектен шыққандық еді. Мұны Сүйінбай ақын шамырқана жеткізіп қана қоймай, тарих алдындағы кешірілмес кінәға өз бағасын береді. Оның жыры Орманбет бастаған шонжарларға қарсы үкім болатын. Сондай-ақ, Кенесары көтерілісіне тұңғыш берілген тарихи баға Сүйінбай ақынның жырларының астарында жатыр.
Осы орайда жазушының өте сәтті шешіміне разы боласыз. Өйткені, Кенесарының қайғылы тағдыры мен озбыр топтың сатқындығы сол кездің өзінде-ақ көпшілікке мәлім болатын. Азулы ақын барған сайын тереңдеп кете берсе, талай қойыртпағы ашылатынын сезген Орманбет айтысты орта жолда тоқтатады да, Сүйінбайдың жеңгенін ашық мойындайды. Мойындап қана қоймай, Сүйінбайға және қазақ зиялыларына мол тарту-таралғылар жасатады. Демек, қазақ халқының алдындағы айыбын мойындайды. Әрине, мойындата білу де бір ерлік!
Екінші кітап «Семсер жүзіндегі серт» орта жүз Матай руының биі Тәнеке Дөсетұлын таныстырудан басталады. Тәнеке о бастан Кенесарымен ниеттес адам, ханның әрбір жорығы мен шешіміне қолдау білдіріп отырады. Кенесары мен Наурызбай бауырларынан айырылып қалған Тәнекенің ішіне шоқ түседі. Ол Ақсу–Қопалыдан аттанып, қырғыз манаптарынан ағаларының кегін қайтарады. Әйткенмен, бұл оқиға туралы сирек айтылады. Неге? Өйткені, қандас екі ұлттың ортасына сына қаға берудің қажеті шамалы. Десек те, трилогияда қазақ әдебиетінде бұрын бірде-бір жазушының қаламына ілікпеген тарихи оқиға баяндалады.
Қаптағайдан шыққан қазақ батыры Тәнеке ерлік істерімен жастайынан ел аузына іліккен дара тұлға болатын. Оған қазақтың соңғы ханы Кенесарының сатқындықпен әрі зұлымдықпен өлтірілгені ауыр тиді. Ол айбарланып атқа қонды. Бұл кезде замананың зәрлі желінен ықтаған қазақ төрелері Тәнекеге таяныш бола алмады. Сонда да Тәнеке тартынған жоқ. Төрегелді манап қазақ ханы Кенесарыны аярлықпен қолға түсірген болатын. Тәнеке сол Төрегелді манапты тұтқындап, зынданға салды. Ел-жұртын шұбыртып, Қопалыға айдап әкелді. Сол қырғыздар уақыт өте келе қыдыралы-қырғыз атанып, қаптағай руына сіңіп кетті деседі кәрі тарих. Осы айтқандарымыздың өзі бұған дейінгі көркем әдебиеттің ешбірінде айтылмаған. Біз трилогиядан Кенесарының кегін кім алғанын осылай білдік. Сонымен қатар, трилогияда қазақ-қырғыз арасындағы жаугершілікке қатысты бірқатар жаңа деректер табасыз. Сол деректер ғылыми жағынан да, көркемдік таным жағынан да барынша кең ашылады. Қалай дегенде де қаламгердің тарихи оқиғаларды тереңнен қазып, баяндауға тер төккені трилогияның өн бойынан көрініс тауып отырады.
Қаламгердің Кенесары көтерілісінің ерлік даңқы мен трагедиялық тағдырын тарихи-
әдеби желі ретінде тереңнен тартып баяндауының өзі трилогияның көркемдік кілтін ашады. Ешбір тарихшы да, шежіреші де, жазушы да тарихты теріске шығара алмас еді. Олай болса, мұның өзі тарихқа жасалған үлкен қиянат болар еді. Сондықтан, жазбагердің тарихтан тыс тарих ойлап табуы мүмкін емес. Мұндағы айтпағымыз, қазақтың соңғы ханын Орманбет, Жантай сынды қырғыз манаптары қысастықпен өлтірді, олардың қылмыстарын жасырып-жабудың еш қисыны жоқ дегенге саяды.
Рух! Қашанда өршіл сезім! Биік мұрат! Үшінші кітаптың «Рух» аталуы тегіннен тегін болмаса керек. Қазақ жеріне Қоқан хандығы басып кіріп, зорлық-зомбылық жасап жатқанда Кенесарының ұлы Сыздық он төрт жаста ғана еді. Ол осы жасына қарамай ата-бабаларының рухтары аяққа басылмас үшін болат семсерін қолына алып, дұшпанға қарсы тұрады. Бүгінгінің он төрт жасар баласы осылай істей алар ма еді?! Неткен рух! Неткен қайсар жүрек! Қоқандықтардың қоқан-лоққысы аз болғандай, бұл уақытта орыс отаршылары да озбырлықпен қазақ даласын қайғыға бөктіріп жатқан болатын. Міне, осындай аумалы-төкпелі заманда жас Сыздық бастаған топ азаттық күресіне білек сыбанып кіріседі. Біз Сыздық бейнесі арқылы тұтас қазақ халқының ата-бабалар аманаты мен перзенттік парызды орындаудағы ерлігін көреміз. Азаттыққа, еркіндікке ұмтылған ұлтымыздың қаһармандық ерлігі бой шымырлатады, ойландырмай қоймайды. Жаһандық жалмауыздың жұтқыншағына жұтылып кетпеу үшін де жұртымыз ұлттық рухты биік ұстап, тығыз топтасуымыз керек. Жазушының тарихи тағлымдардан ой қорытып, бізге жеткізбек ойлары осы мәселелерге келіп саяды.
Трилогияда Кенесары ханның 1843 жылы Торғай даласындағы шайқасы да сәтті суреттеледі. Бір ерекшелігі, осы соғысты бастауға империалистік Ресейдің патшасы бірінші Николайдың өзі пәрмен береді. Алайда, қазақ халқының азаттығы мен болашағы үшін басын қатерге тіккен Кенесарының бұл ұрыс қимылдары сәтсіздікке ұшырайды. Қашанда қырағы хан бұл жолы осалдығынан емес, сатқындардың опасыздығынан қанды шеңгелге іліккен еді. Хан болса да оны тұтқында жауы аяған жоқ. Қайта тұқырта түсуге тырысты. Бірақ, ол алған бетінен қайтқан жоқ.
Ханның өлім аузындағы, өліммен бетпе-бет келген кезіндегі соңғы сөзін жазушы былай деп келтіреді: «Жанымды ауыртпай, басымды қолының дағдысы бар біреу дәті жетсе өз қылышымен шапсын. Бірақ, сендер астымдағы атымнан, қойнымдағы қатыннан, алдымдағы асымнан, мойнымдағы басымнан айырсаңдар да, бойымдағы қазақ деген рухтан айыра алмайсыңдар! Қылша мойным семсердің жүзінде тұрғанда серт етем, орындалмаған арманым – ұрпағыма аманат! Солар рухымды қайта тірілтеді, басқыншылыққа қарсы күресімді қайта жалғастырады! Қазақты осал жұрт демеңдер, жауын алмай қоймайды! Хан Кене құласа да, қазақтың туы жығылмайды! Қазақ түбі тәуелсіздігін алады!».
Бүгінде хан Кененің сол арманы орындалды. Рух оянды! Қаламгердің басты айтпақ болған идеясы осы деп ұқтық. «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы азаттық аңсаған ұлтымыздың асқақ арманын арқалаған шынайы да шымыр шығарма. Сайып келгенде, роман-трилогия Мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық деп білеміз!
Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.