Сіз жатқа оқуға тиіс бір өлең...

Ханбибі Есенқарақызы

Мен-дағы табиғаттың бөпесімін

Жерде – боран, аспанда күн шығып тұр,
Мың құбылар сәт сайын тіршілік бұл.
Алай-дүлей болғанмен айналаңыз,
Қар астынан бәйшешек гүл шығып тұр!

Бірде – ызғар, біресе жайма-шуақ,
(Түсе берер үнемі қайда шуақ?)
Шүйлігеді достарым мінезіме,
«Бірқалыпты болуым» жайлы, сынап!

Көбіне сәуле болды таратқаным,
Рас, кейде, бетке жан қаратпадым.
Бәрібір, түсінбейді, Ағза Алламның,
Табиғатқа тартқызып жаратқанын.

Жеткен жері сол болса, жетесінің,
Қабылдаман, жел сөздің кекесінін.
Бесігіне сыймастан тулап жатқан,
Мен-дағы табиғаттың бөпесімін!..

Пікір қалдырыңыз