Байқау ұлттық құндылықтарды насихаттады

Бауыржан ЕРМАН, «Оңтүстік Қазақстан».

Биыл елімізде «Ұлттық домбыра күні» шілденің алғашқы жексенбісі, яғни шілде айының жетінші жұлдызында аталып өтіледі. Осыған орай облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен күйшілердің республикалық «Күй құдіреті» байқауы өтті. «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

– Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен өңірімізде руханиятқа, мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Атап айтқанда, облыстың барлық аймақтарында ақындар айтысы ұйымдастырылып, терме өнерінің дамуына жағдай жасалып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталуда. Осы үрдістердің заңды жалғасы ретінде ұйымдастырылған бүгінгі байқауда байтағымыздың әр аймағынан келген 30-дан астам күйші өз өнерлерін ортаға салуда. Оңтүстік өңірінен шыққан дәулескер күйшілердің жарыққа шықпаған туындылары өте көп. Бұл байқаудың мақсаты – сол жарыққа шықпаған күйлерді өзіндік орындау мақамымен тыңдармандар назарына ұсыну, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Домбыраның құлағында ойнаған күйшілердің өнеріне ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев, ҚР мәдениет қайраткері Темірбек Қазенұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері Мұрат Әбуғазы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Нұрбек Тапалов, танымал дирижер, ҚР мәдениет саласының үздігі Ерлан Дәуренбеков және ҚР мәдениет саласының үздігі, Сүгір атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Шыңғыс Исаев баға беруде.
Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес, қатысушылар Сүгір Әлиұлы мен Төлеген Момбековтің бір-бір күйлерін орындады. Ал, екінші кезеңде арнайы билет алу арқылы Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтің «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң толғауы» күйлерінің біреуін таңдап, ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен және жеке домбырамен орындалды.
Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанды. Ал, Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева І орынға ие болса, Шымкент қаласынан Әліби Нышан және Алматы қаласынан Ержанат Жарқыннұр жүлделі ІІ орынды алды. Алматы қаласынан келген Нұрдана Тоқтан, Түркістан облысының өнерпазы Сұлтан Дінмұхамед және Алматы қаласының өкілі Сырым Шонбаев ІІІ орынды иеленді.

1 пікір

  • polkmn
    polkmn

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз