Жас дарын

Әрбір жеке тұлғаның болашағы өзі оқыған мектебінде айқындалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мектеп оқушыларының ішінде қазіргі заман талабына сай, ой - өрістері кең, дарынды, шығармашылық қабілеттері бар оқушылар көп. Әрбір жеке тұлғаның бойында өнерге, шығармашылыққа, спортқа деген ынтасы, дарыны болады. Ал оқушы бойындағы дарындылықты байқап, әрі қарай шыңдау- мұғалімнің шеберлігі.Дарынды оқушы-ұлт болашағы. Осы орайда талаттыда,талпынысы жоғары дарынды тұлғалардың бірі Әбілқасым Шаттық Ерғалиұлы. еспубликалық және облыстық жарыстардың алдын басып озған,жүзуден балалар арасында көзге түскен ұл бала. Бала кезінен қызығушылығы артқан Шаттықтың қазіргі жеңісін көру үлкен бір мәртебе.

 

 

Ол туылған кезден бастап бір аяағының мүкістігі болатын,бірақ ол ешқандай мойынсұнбай соңына дейін күресемін деп өзіне мақсат қойғандығын айтты. Аяғындағы проблема ұршық басының кеш жетілуі,яғни жалпақ тілмен айтқанда сол аяғы оң аяғынан келте болып туылған. Шаттық жүзуді 8жасынан бастап аяғына ем ретінде барып жүрген.Кейін оны жаттықтырушысы тізгіндеп облыстық жарыстарға жібереді.Ол бірінші жарысының өзінен 3 орын иегері атанып отбасына қуаныш сыйлаған. Осылайша оның қызығушылығы одан сайын арта түсіп өзін үлкен бәйгелерге қоса бастаған. Шаттықтың бойында сонымен қатар қаламы ұшталған ақындық қасиеті де бар.Сегіз қырлы бір сырлы десекте артық кетпес ұл баланың бойында сонымен қатар сурет салу қасиетіде байқалды.Шаттық өз ортасында белсенді әрі сыйлы екенін достары мақтан тұтып айтады.Мұндай жеңіспен ауыз толтырып айтуға болады деген дос жарандарының арасынан естіп жаттық.Қазіргі таңда  бітіруші жас түлек атанғалы жатқан Шаттық бұл бастаған карерасын соңына дейін жеткіземін деп яғни жалғастыруды көздеп отыр.

 

 

Жақында ғана өткен атаулы жарыстан Шаттық бірінші орын иегері атанып қайтқан.Яғни,пара жүзуден  тірек-қимыл  апараттары және оқу органдары зақымданған ұлдар арасындағы  Қазақстан Республикасының чемпионатында 310 сыныбы  бойынша 100 м жүзуден «1» дәрежелі жүлдемен оралған болатын.Шаттықты біз әлі биік белестен көре бергіміз келеді, тек алға Көк туымызды көкке желбірете бер.


Зарина ТОҚТАСЫН,

                                                                                                                                         М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз