Әскери қызметшілер апат аумағына көмекке барды

Уақытша орнатылған көпір ұзындығы 10,5 метр, ал жүк көтергіштігі 60 тонна қамтыды.

 
Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік бөлімшесінің әскери қызметшілері Бадам өзені арқылы уақытша көпір салды.
 
Жаңаталап тұрғын алабын қаламен байланыстыратын көпір жарамсыз болып қалуына байланысты, осы ауданның алты мыңнан астам тұрғыны Шымкенттен бөлініп қалды.

Уақытша көпірді орнату үшін әскери инженерлер КрАЗ-255Б көлігінің негізінде ТММ-3 көпір төсегішін қолданды. Уақытша орнатылған көпір ұзындығы 10,5 метр, ал жүк көтергіштігі 60 тонна қамтыды.

- Көпірдің шөгуі туралы хабарлама алғаннан кейін бізге қалалық ТЖД-дан қысқа мерзімде автомобиль көлігімен өтуге болатын уақытша өткелді ұйымдастыру туралы сұраныс түсті. Біз 15 инженерден тұратын жиынтық жасақ құрап, сол жерге барып, кешке қарай темір көпір орнатуды аяқтадық. Осылайша жеңіл көліктер мен жаяу жүрушілерге арналған орын жабдықтадық, - деп бөлісті 35748 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы майор Ерік Райымов.

Айта кетсек, ТММ-3 мақсаты бойынша ұзындығы 40 метрге дейін және тереңдігі 3 метрге дейінгі кедергілерден өтетін көпір өткелдерін орнатуға жарамды, олар арқылы салмағы 60 тоннаға дейінгі доңғалақты және шынжыр табанды техниканы өткізуге болады. Көпір жиынтығы тіректері бар көпір блоктарын алып жүретін КрАЗ-255Б жүк көлігінің шассиіндегі төрт көпір төсегіштен тұрады.
 
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі 

1 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз