Мәрия биші болуды армандайды

Алғыр бала
Мәрия Нышанбай Шымкенттегі №93 мектептің 5 сыныбын тәмамдады. Мәрияны редакцияға нағашы атасы алып келіпті. «Немеремді дарынды биші десем артық айтқандық болмас. Қазақ халқының би өнері ерте заманнан қалыптасқан ғой.  Ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйімен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы. Осынау бекзат өнерге бала күнінен әуес болған немерем бүгінде шығармашылығын шыңдап, біраз белестерді бағындырып келеді. Соны өздеріңізбен бөліссек деп едік», -- деді қария. 
Мәрия Нышанбай еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілетін би байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгінде оның қоржынында түрлі ұлт өкілдерінің билері бар екен. Республика көлемінде өткізілетін «Qamajai» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында хореграфия бағыты бойынша өткен фестивальде өнерімен көзге түсіп, Гран При жүлдегері атанды. Сонымен қатар, «TURKISTAN city fest» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы хореография бағыты бойынша өткен фестивальде де Гран Приді жеңіп алды. Жас өнерпаз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Биік шыңдарды бағындыруды мақсат еткен кішкентай ғана биші қыздың алар асуы әлі алда деп білеміз. 
-- Ата-анама, нағашы атама айтар алғысым шексіз. Әр сайыста олар менің жанымнан табылып келеді. Мен мұны олардың бекзат өнерге деген құрметі деп білемін», -- дейді Мәрия. 
Мәрияның сабақ үлгерімі жақсы. Оқуда озат болған оның білім сайыстарынан жеткен жетістіктері де аз емес. Талабы таудай болған жеткіншекке жолың ашық болсын деген тілек айттық. 
Әсел ӘБДІКЕР,
М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.

1 пікір

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

Пікір қалдырыңыз