Талабы таудай Ілияс


 

Ел ішінде өнерлі жастар өте көп. Солардың бірі – Ілияс Жүзбай. Небәрі 13 жастағы бұл жасөспірім бүгінгі дейін бірнеше фильм мен бейнебаянға түсіп үлгерген. Сонымен қатар, көпшілік оны «Балапан» телеарнасындағы «Вундеркинд», «Тик-ток хаус», «Ұя» секілді жобалар арқылы да таниды. Бүгінде Ілияс бойына біткен өнерінің арқасында табыс тауып, анасына баспана несиесін төлеуге көмектесіп жүр.

Ілияс Бағланұлы Батырбек Өтеп атындағы өнер мектеп интернатында оқиды. Дарынды жас білім ошағында да өнерге қатысты әртүрлі жобаларды жүзеге асырып, өнерлі өрендердің шығармашылығын шыңдауға атсалысқанды жаны сүйеді. Ол өзінің актерлік шеберлігімен қатар музыкалық қабілетін дамытуға барынша көңіл бөлуде. Ұлттық аспаптарда қазақы рухты оятатын ән-күйлерді дұрыс орындауды үйренуде.

Ілияс әнші Әділет Жауғашар, Абылайхан Абай және Айбек Қайбулла сынды эстрада әншілерінің орындауындағы әндерге түсірілген бейнебаяндарда актерлік қырымен танылып, көрермендерді тәнті етті. Бүгінде ол спорт пен бизнес саласында да белсенді жұмыс істей бастады. Шымкенттегі «Тапиока» кофейнясының  амбассадоры. «Бай болады» дүкендерінің моделі. Оның «Әке», «Өмірге ғашықпын» және «Сүндет той» атты авторлық әндері тыңдармандардың  жүрегіне жетіп, қолдауына ие болды.

Ілияс әлеуметтік желіде де белсенділік танытып, үлкен аудиторияға ие болды.   Мүшел жасқа толғанда инстаграмм парақшасын ашып, 5 айдың ішінде 53 мыңға жуық қаралым жинаған екен.

Жас талантымыз ата-әжесінің тәрбиесін бойына сіңіріп өсіп келеді.

– Ұлым кішкентайынан «өзіміздің жеке үйіміз болса» екен деп армандады. Үлкендерше соған жетуге әрекет жасап, еңбек етті. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегендей, мен де ұлымның барлық бастамаларына қолдау білдіруге тырыстым. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келдік. Биыл баспаналы болып, қуанып жатырмыз. Оның несиесін баламның өзі төлеп отыр. Әр ата-анаға менің Ілиясым секілді ұл жұғысты болсын деп тілеймін. Ұлымды әрқашан мақтан етемін, – дейді анасы.

 Жан-жақты, өнерлі, талабы таудай Ілиястың шығар шыңы әлі алда. Келешекте оның еліміздің дамуы жолында білімі мен біліктілігін, күш-жігерін аямайтын азамат боларына сенеміз!

 

Аяжан ӘБУТӘЛІП,

М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенті.

 

33 пікір

  • Сарсенбек Нурислам
    Сарсенбек Нурислам

    Күшт жараисын

  • Гүлмира
    Гүлмира

    Маладец

  • Фадхил
    Фадхил

    Вы можете говорить по-индонезийски? потому что есть люди, которые утверждают, что они — вы

  • Фадхил
    Фадхил

    Вы можете говорить по-индонезийски? о ком-то, кто утверждает, что это ты

  • Аяулым
    Аяулым

    Өнерлі талапты екенсің Ілияс тамаша осы бетіңнен тайпа әрқашан биіктен көріне бер

  • Худайберген Нурдаулет
    Худайберген Нурдаулет

    Ильяс алга

  • Қабақ Назерке
    Қабақ Назерке

    Малдес осылай жүре бер ????????

  • Айша
    Айша

    Молодец

  • Шәріпбек Айдана
    Шәріпбек Айдана

    Мм күшті

  • Бауыржанқызы Айдана
    Бауыржанқызы Айдана

    Жарайтын ісін алдыға жүре берсін Ильяс

Пікір қалдырыңыз