СУДЬЯ ӘДЕБІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНДА

Еліміздегі судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.


 

Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.

Судья алдына келген істер бойынша ақ қарасын ажыратып, әділ және заңды шешім қабылдауға міндетті, ол үшін судья мінсіз болуы тиіс.

Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру барысында Судья әдебінің жаңа кодексі әзірленді.

Еліміздегі судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.

Судьялар өз қызметін атқару барысында жоғарғы жауапкершілікті сезіне отырып, тәуелсіз, сот істерін бұрмаламай, қайсыбір тарапқа жәрдемдеспей, істерді қарау барысында таныс-тамырлыққа жол бермеуге тиіс. 

        Судьяның тұрмыстық жағдайда кез келген-әрекеттерді жүзеге асырған кезде әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс. Сондықтан ол тұрмыстық жағдайда  жеке өзінің немесе отбасы мүшелерінің  және де басқа да адамдардың мүддесі үшін қызмет жағдайын пайдаланып, артықшылық алатын болса, бұл өз кезегінде судьяның тәуелсіздігіне, істі қарау кезіндегі объективтілігіне күмән келтіруге негіз болады.

          Судьяның моральдық-этикалық келбеті оның балаларды тәрбиелеуге, оларды және ата-аналарды күтіп-бағуға деген көзқарасы негізінде  де қалыптасады. Судья құрметті  отбасы адамының үлгісінде болуы керек. Судьяның да, оның отбасы  мүшелерінің де материалдық мүдделері  ақылға  қонымды және орынды болуы керек. 

Судья қашанда берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс. 

Судья әрдайым көпшілік назарында болғандықтан, қоғам оның моральдық келбетіне қатаң талаптар қояды. 

Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Сондықтан биліктің үшінші тармағы – сот жүйесі сенімге селкеу түсірмеуі тиіс.

 

 

Түркістан облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Д.А.Бейсембекова

 

Пікір қалдырыңыз