12 медаль еншіледі

Жуырда Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар арасында ел біріншілігі мәреге жетті. 
Еліміздің 20 өңірінен ең мықты балуандар қатысқан біріншілікте түркістандықтар толағай табысқа жетті. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар. Нәтижелі өнер көрсеткен түркістандық балуандар жалпыкомандалық есепте 3-орынды иемденіп, өңір мерейін үстем етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз