Тергеу аяқталды

 

 


 

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №44 мектеп директорына, орынбасары мен бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталды.

2021-2023 жылдар аралығында аталған азаматтар алдын-ала сөз байласу арқылы 55 млн. теңге ақша қаражаттарын жоғары жалақыны және іс жүзінде мүлдем жұмыс жасамаған қызметкерлерге заңсыз аудару арқылы ұрлаған.

Қылмыстық іс ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына мәні бойынша қарауға жіберілді.

Қылмыстық әрекеті үшін кінәлі азаматтардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Пікір қалдырыңыз