СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫ АРТАДЫ
Жаңа өзгеріс сот төрелігінің сапасын және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыруға ықпал етпек
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының
кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Конституциялық заңына қол қойып, сот саласын дамытуға серпін беретін
жаңашылдықтардың енгізілуіне жол ашты. Осы
жаңа заңға сәйкес, Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер
бойынша үш кассациялық сот құрылатын болды.
Ал, кассациялық сот құрудың артықшылығы неде?
Ең бастысы, бұл кассация
өндірісіне түскен кез келген істің егжей-тегжейлі қаралуына ықпалын тигізеді. Өйткені, бұған дейін кейбір істердің бір судьяның
пайымдауымен алқа қарауына жіберілмеуі азаматтар мен кәсіпкерлердің ренішін
туындатқан болатын. Жаңа өзгеріс сот төрелігінің
сапасын және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыруға ықпал етпек. Екіншіден, азаматтардың
ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашылады.
Осыған орай кассациялық істерді қарайтын судьяларға да талап жоғарылап отыр. Кассациялық сот судьяларының
заңгерлік өтілі кемінде 18 жыл болуы керек. Ал, судьялық тәжірибесі кемінде 8 жыл болуы мнідетті. Сондай-ақ төрағаның
кемінде 10 жыл сот алаңында төрелік етуі, оның ішінде облыстық соттың судьясы
лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Мұндай талап кассациялық
сотқа неғұрлым тәжірибелі, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандардың таңдалатынын
көрсетеді. Кассациялық сот Астана қаласында болғанымен, ол бүкіл
республикалық деңгейде жұмыс істейді. Төменгі сот шешімімен келіспегендер бірден
осында жүгіне алады.
Дәуренбек
ТҮЙМЕБАЕВ,
Шымкент
қаласының қылмыстық істер жөніндегі
ауданаралық
сотының жетекші маманы.