Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар жауапқа тартылды

Облыс полицейлері өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып, сатып жүрген топты анықтады. Олар жер қойнауын заңсыз пайдалану арқылы қоршаған ортаға 32 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілеріне жол бермеу үшін облыстық полиция департаментінде арнайы жедел тергеу тобы құрылып, олар тез арада іске кірісіп кетті. Соның нәтижесінде, Жетісай ауданының аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалануды кәсіп еткен Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Олардан 1 жүк тиегіш және «Хово» маркалы 12 жүк көлігі тәркіленіп, автокөліктер тұраққа қойылды. Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 334-бабы, 2-бөлігімен («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Т.СЕЙІТХАНҚЫЗЫ.

Пікір қалдырыңыз