Созақта – жаңа стадион!

Созақ ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орынды спорт алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, барша ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. 

– Биыл аудан көлемінде спорт саласы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бірқатар балалар ойын алаңы мен футбол алаңшалары ашылды. Аудан жастарының болашаққа деген сенімін нығайтып, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалар әр кез назардан тыс қалмайды, – деді аудан басшысы. 
Салтанатты іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, ауыл қариясы Мұрат Жақсыбаев, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып, талантты футболшы Таңат Нөсербаев қатысып, ізгі тілектерін білдірді. 
Созақ ауылының тұрғыны Балкерім Пернебаева ауыл жастары атынан игі іске мұрындық болған азаматтарға өз алғысын жеткізді. Жасөспірімдер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орын иеленген командаларға арнайы кубок, медальдар табысталды. 
Айта кетейік, заманауи стадионда жаттықтырушылар мен төрешілерге жеке кабинеттер, ойыншылардың киім ауыстыруы мен жуынуына арналған арнайы бөлмелер де әзірленген. Бұдан бөлек жаттығу залдары, «Street workout» және баскетбол алаңдары бар. 

Пікір қалдырыңыз